Ақтөбеде 400-ден аса жолаушы құтқарылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлігі бұзылып, жолда қалған жолаушыларға полицейлер мен құтқарушылар көмектесуде. Жыл басталғалы облыс аумағындағы жабық трассаларда 412 адам тұрып қалған.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

14 қаңтар күні Хромтау ауданының аумағында жолаушылар автобусы тұрып қалды. Автобус Мәскеуден Өзбекстанға қарай жолға шыққан. Мұнда 24 Өзбекстан азаматы болған. Полиция қызметкерлері барлығын жақын маңдағы кемпингке жеткізді.

Айта кетейік, екі апта ішінде қар құрсауынан 109 автокөлік шығарылды. Құтқарылған 412 адамның 53-і бала. Полицейлер мен құтқарушылар қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.


Қоғам
12:57, 16 январь 2024
1 058
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив