Ақтөбеде жол апатынан көліктегі жолаушы қайтыс болды

Жүк көлігінің тіркемесі босап кетіп, жеңіл көлікке соққан. Салдарынан 35 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Жол апаты 6 қазан күні Хромтау ауданының Ақжар ауылына жақын жерде болған. «Вольво» жүк автокөлігі Қырғызстан азаматы тізгіндеген. Жолда жүк көлігінен босап кеткен тіркеме Хромтаудан Ақтөбе қаласына қарай келе жатқан «Хюндай Акцент» автокөлігіне соққан.

Салдарынан көліктегі жолаушы көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы әр түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жол ережесін сақтап, көліктің техникалық жай-күйін үнемі қадағалау керектігін ескертеді.


Қоғам
09:11, 09 октябрь 2023
673
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив