Ассенизатор тізгіндеген әкім

 Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімі Орынғали Қонысбай ассенизаторды өзі тізгіндеп, көше мен аулаларды еріген қар суынан тазартып жүр.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе облысында биыл күн күрт жылынып, елдімекендер мен қала көшелерін су басты. Соның салдарынан ассенизаторлар тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр.

Мәртөк ауданында да биыл қар шамадан тыс көп жауған. Еріген қар суынан көше, аулаларды тазарту жұмыстарына Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылдық округінің әкімі білек сыбана кіріскен. Басшы су тасқыны кезеңі басталғалы ассенизторды өзі тізгіндеп жүр.

Керек. info газетінің тілшіcі Мәртөк ауылдық округі әкімі Орынғали Сағитжанұлына хабарласқан еді. Айтуынша, ассенизаторды күндіз әкесі жүргізеді. Ал, кешке қарай бетперде киіп алып, өзі тізгіндейді.

-Әкем зейнет жасына жақындап қалды. Күндіз су сору жұмыстарымен өзі айналысады. Кешке қарай, бетперде киіп алып, көлікке өзім отырамын. Түнгі сағат 04:00-ге, кейде таңға дейін жұмыс істейтін кездер болады. Әр кезде әртүрлі. Шақыртуларға байланысты,-дейді әкім.

Былтыр аудан орталығындағы “Жаңақұрылыс” аумағын суға кеткен. Биыл судың бағытын бұрып, қауіптің алдын алған. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық халық тұрады. Барлығы 2800 аула бар. Мәртөктегі үйлердің 60 пайызы ескі.


Қоғам
11:00, 16 март 2023
1 091
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив