Шалқарда мұзға батқан көлікте бір адам көз жұмды

Көлікте үш адам болған. Олардың бірі суға батып, көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Оқиға Шалқар қаласындағы Шалқар көлінде болған. "ВАЗ-2110" жеңіл автокөлігі мұзға батып кетті. Көлікте 1980, 1971, 1972 жылғы адамдар болған. Екеуі өз күшімен жағаға шықты. Оларды құтқарушылар жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Ал 1972 жылғы үшінші адамның денесін құтқарушылар алып шықты. Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


Әлеумет
13:23, 09 январь 2024
389
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив