Ақтөбе облысында 2 адам суға кетіп, қайтыс болды
Өткен тәулікте облыста 2 ер адам суға шомылуға барып, батып кеткен. Құтқарушылар су түбінен екі адамның да мәйітін алып шықты.
Қайғылы оқиғалырдың бірі кешкі онға жақын болған. Ақтөбе облысының ТЖ Департаментінің кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне Ақтөбе қаласы, "Tropicana" жағажайында ер адамның суға батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түскен. Жеке жағажайда 27 жастағы ер адамның суға батып кеткенін анықтаған құтқарушылар жағадан 10 метр қашық жерден 2 метр тереңдіктен мәйітті алып шыққан.
Осыған ұқсас жағдай Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округі, Шенгелши ауылында да орын алады. Ауданынан өтіп жатқан Жем өзенінің бойына 1988 жылғы Алматы облысы, Талдықорған қаласының тұрғыны шомылуға барып, батып кеткені туралы хабарлама түскен. Көп ұзамай, құтқарушылардың күшімен 4 метр тереңдіктен 34 жастағы ер адамның денесі шығарылған.