2,5 млн теңгеге дейін ақша алып грантқа түсірмек болған

 Ақтөбеде ЖОО грантқа түсуге көмек беремін деп алдап соққан 29 жастағы күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт қаладағы ЖОО біріне грантқа түсу үшін күдіктіге 2,5 млн теңге берген. Ақша алған соң, әйел бірден байланысқа шығуды тоқтатқан. Осындай арызбен полиция бөлімшесіне тағы 3 жәбірленуші шағым түсірген. Жәбірленушілердің айтуынша, жазда қаладағы жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмек көрсету сылтауымен бейтаныс әйел ақшалай қаражатты иемденген. ПД баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, сома таңдалған оқу орнына байланысты 900 мың теңгеден 2,5 млн теңгеге дейін өзгерген. Қазіргі таңда 29 жастағы күдіктіге ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғаушылар заңды рәсімдеуді айналып өту екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.


Құқық
09:00, 06 октябрь 2022
1 542
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив