Ақтөбеде жасөспірімді тонап кетті

Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың анасы тонау туралы шағым түсірген. Оның айтуынша, 13 жасар ұлын белгісіз екі адам қорқытып, смартфонын тартып алып кеткен. Кейін интернет–банкинг арқылы 2000 теңге ақшасын аударып алған.

Бұзақылар смартфонды иесіне қайтарып, кетіп қалады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс–шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының 14 жастағы екі тұрғынын ұстады. Кәмелетке толмағандар бөлімге жеткізіліп, кінәсін толық мойындаған. Жасөспірім бұзақылардың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Небәрі 14 жастағы балалар енді үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заң саласының мамандары кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмауға болатынын айтады. Ол үшін алдын алу жұмыстарына отбасы, жақындары мен ортасындағы адамдар атсалысуы керек.

- Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының маңызды себебі – олардың моральдық тәрбиесіндегі кемшіліктер. Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктері осы контингентке психологиялық және әдістемелік тұрғыдан сауатты көзқарасты талап етеді. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы уақытында байқалған ауытқулар құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады,-дейді ПД баспасөз қызметі.

 

 

Құқық
12:00, 15 июль 2022
1 342
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив