Интернет желісінде жасөспірімнің жыныстық қатынасқа ұқсас қозғалыс жасаған видеосы таралды

Интернет желісінде жасөспірімнің жыныстық қатынасқа ұқсас қозғалыс жасаған видеосы таралған еді. Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Оқиға Хромтау ауданында болған. Жасөспірім видеода бір баланы ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа ұқсас әрекет жасаған. Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

- Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға қарауға жіберілді, оның қорытындысы бойынша ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы “Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау“ бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке қою мәселесі шешілуде, - деді ромтау ауданы полиция бөлімінің бастығы Құралбек Шарбаков.


Құқық
12:00, 13 июнь 2023
910
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив