Ақтөбелік жүргізуші полицейге пара ұсынды

Патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан "Ваз 2115" автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі айыбын жуып-шаю үшін пара берген.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі "Маневр жасау ережелерін бұзу" және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершіліктен қашқан.  

Қызметтік борышын орындап жүрген полиция қызметкерлері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық дерегі туралы басшылыққа және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды.

 Қазіргі уақытта ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігі "Пара беру" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

 Енжі жүргізушінің мүлкі тәркіленіуі, белгілі бір лауазымдарды не қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы, параның жиырма еселенген сомасынан отыз еселенген мөлшерде айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 

Құқық
11:30, 05 август 2022
1 470
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив