Ақтөбеде құбыр ұрлаған күдіктілер ұсталды

Жаңақоныс тұрғын алабында су құбырларын ұрлап әкеткен күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Кәсіпорын өкілдері су құбырының ұрланғаны жөнінде арызданған. Белгісіз біреулер диаметрі 1000 мм металл құбырларды қазып алып, ұрлап кеткен. Құбырларды қазып, тиеп, әкету үшін экскаватор, тиегіш және жүк көлігін жалдаған. Полиция қызметкерлері екі адамды және арнайы техника жүргізушілерін ұстады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал анықталып жатыр.


Құқық
10:30, 03 июль 2023
1 077
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив