Түйе ұрлаған күдіктілер ұсталды

25 маусымында Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығы орын алды.

 

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

aiko_zhumabaeva91

 

Шаруа қожалығының басшысы полицияға арызданған. Оның айтуынша, құны 1 млн.200 мың теңге тұратын түйені жайылып жүрген жерінен ұрлап кеткен.

- Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша екі адамды ұстады. Күдіктілердің айтуынша, олар далада иесіз жайылып жүрген түйені көріп, танысының жазғы жайлауына айдап әкеліп, бөлшектеп сойған. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде мал немесе ет ұшаларын тасымалдайтын көлік құралдарына ілеспе құжаттарының бар болуына бақылау жүргізеді. Сонымен қатар  мал сою орындары тексеріледі. Егер мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болса, дереу полицияға "102" телефонына хабарласу қажет.

 

Құқық
12:00, 07 июль 2022
883
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив