Автокөлікті тонаған адамның ісі сотқа кетті

Ақтөбеде ақпан айында автокөліктерді тонау деректері жиілеп кеткен. Қылмыскерлер көбіне автокөліктен аккумулятор ұрлайды екен. Ұрлық түнгі уақытта, қаладағы "Болашақ", "Авиақалашық", Тургенев көшелерінде болған.

Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Ұрлықты қылмыстық топ жасағанға ұқсайды. Ұрылар бір түн ішінде 4-5 автокөліктен аккумуляторларды, фараларды жымқырған. Кейін сол автобөлшектерді  сатып отырған. ПД қызметкерлері қаладағы барлық бейнекамераларды қарап, түнгі рейдтер мен басқа да іздестіру шараларын жүргізеді. Нәтижесінде авиақалашықтағы бейнекамералардың бірінде күдіктілердің автокөлігі байқалады. Дегенмен, мемлекеттік тіркеу нөмірі бейнеге түспей қалған. Жедел уәкілдер автокөліктің ізін суытпай қуып, келесі күні нөмірін табады. Күдіктілер сол күні ұсталып, кінәларын толығымен мойындайды. Қылмыстық топ 20-25 жастағы 3 жас жігіттен құрылған. Қала бойынша қылмыскерлер жалға алынған автокөлікпен түнгі уақытта ұрлық жасаған. Ұрланған аккумуляторларды металл қабылдайтын жерге апарып тапсырған. Күдіктілердің бірі тонау дерегі бойынша сотталған болып шықты. Ұрланған аккумуляторлар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Іс сотқа жіберілді.


Құқық
10:30, 30 май 2022
726
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив