Ойыл ауданында мал дәрігерлерінің 4 миллионға жуық жалақы қарызы өтелді. Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Ойыл ауданында 58 мал дәрігерінің еңбекақысы уақытылы төленбеген. Қордаланған жалақы қарызы – 3 млн 700 мың теңге. Заңсыздық аудандық прокуратура еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізген кезде әшкере болды. Алайда, еңбекақының не себепті уақытылы төленбегені әзір белгісіз. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.
Құзырлы органның тексеруінен кейін жалақы бойынша қарыз өтеліп, жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды.Одан бөлек Ойыл аудандық ветеринарлық стансасының басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.