Ақтөбеде биыл тұмауға қарсы екпеге 105 миллион теңге бөлінді

Облыста тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны 1 қазанда басталады. Биыл облыстық бюджеттен 105 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл жөнінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Мамандардың сөзінше, тұмау – адамнан адамға ауа-тамшылары және қарым-қатынас арқылы тарайтын жұқпалы вирусты инфекция. Ауру симптомдары көрініс беретін жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады.

Тұмаудың эпидемиялық маусымы күзде басталады. Ең көп саны желтоқсанда тіркеліп, сәуір айына дейін жалғасады. Еңбекке қабілеттілікті едәуір төмендетеді. Сонымен қатар, орталық жүйке, жүрек-қан тамырлары жүйесін зақымдайды. Кей жағдайда өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Биыл 8 ай ішінде облыс бойынша ЖРВИ-мен 121 503 адам сырқаттанған. Оның ішінде 74 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі бала. Тұмаумен ауырған 30 адамның 18-і балалар арасында анықталған.

Биыл тұмауға қарсы иммундау жүргізуге жергілікті бюджеттен вакцинаның 108 000 дозасын сатып алуға 105 985 800 теңге бөлінді. Облысқа Ресейде өндірілген "Гриппол +" тұмауына қарсы вакцина әкелінді.

Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны 1 қазанда басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Ескеретін жәйт, вакцинацияны барлық қалалық және аудандық емханаларда тегін және ақылы негізде алуға болады.

Тұмау екпесін жүргізуге барлығы 220 егу кабинетімен 63 жылжымалы бригада жасақталған.

Профилактикалық екпе жүргізу алдында адамға міндетті түрде термометрия жүргізіледі.Содан кейін жарты сағат бойы бақылауда болады. Айта кетейік, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрғандар, жүкті әйелдер ақысыз екпе ала алады.




Қоғам
14:15, 28 сентябрь 2023
988
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив