Ақтөбеде көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші бағанаға соқты
Ақтөбеде мас жүргізуші бағанаға соқты
19 жастағы жолаушы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
@abetovanazgul
Жол-көлік оқиғасы Некрасов пен Берсиев көшелерінің қиылысында болған. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 68 жастағы “Opel Astra” маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті мас күйде жүргізген. Рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған бағанаға соққан. Салдарынан ішінде отырған жолаушы зардап шекті. Түрле дене жарақатын алған 19 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Көлік коммуналдық тұраққа қойылған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить
