Ақтөбеде көлік тізгіндеген жасөспірім 3 адамды қағып, біреуі қаза тапты

 Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік тізгіндеген жасөспірім 3 адамды қағып кетті. Салдарынан 3 жастағы бала қаза тапты.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Оқиға Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған. “ВАЗ-21140” автокөлігін тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағында үш адамды қағып кетті. Жол апатынан 3 жастағы бала жедел жәрдем көлігінде қаза тауып, 28 жастағы жаяу жүргінші мен кәмелетке толмаған бала облыстық ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті полицияның дерегінше, қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Әлеумет
10:30, 03 август 2023
1 075
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив