Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
 Ақтөбе облысының Шалқар-Бозой бағытында жол апатынан екі адам қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы жергілікті полицияның баспасөз қызметі хабарлады. 
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Оқиға 16 қараша күні Шалқар ауданында болған. Полицияның дерегінше, “ВАЗ-21115” автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан “Газель” көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан “ВАЗ-21115” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. “Газель” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылған.
Әлеумет
				
			Комментарии (0)
			Добавить