Ақтөбеде көлік қаққан әйел қайтыс болды
7 қыркүйек күні сағат 13:45-те Қонаев-Құлымбетов көшелерінің қиылысында "Nissan Almera" маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 63 жастағы әйел мен кәмелетке толмаған немересін қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды, ал кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді, онда алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить