Ақтөбеде өз баласын өлтірген әке өмір бойына сотталды

Ақтөбеде өз баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Естеріңізге салсақ, өткен жылы 28 желтоқсанда Қазанғап көшесіндегі үй ауласынан 4 жасар Данил Ахуновтың жоғалып кеткені жөнінде ақпарат тараған еді. Кейін бала өлі күйінде табылды. Баланы өлтірді деген күдікпен әкесі ұсталып, тергеу амалдары жүргізілді.

23 желтоқсан күні суық тиіп, ауырып қалған Данил мазасызданып жылайды. Бұған ашуланған әкесі баланың басы мен денесінен бірнеше рет ұрған. Қатты соққының әсерінен баланың бас сүйегі жараланып, оқиға орнында көз жұмады. Келесі күні әкесі қылмысты жасыру үшін мәйітті айдалаға көміп тастаған. Сот ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігі бойынша баланың әкесін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, қызметтік міндеттеріне салғырттық танытқаны үшін Ақтөбе облысының полиция Департаменті және облыстық білім басқармасының атына жеке қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Құқық
14:30, 03 август 2023
1 328
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив