Ақтөбеде банк менеджері 777 млн теңге жымқырған

Ақтөбеде банк менеджері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің қызметін  пайдаланып, 777 млн теңгені жымқырған. Бұл туралы Ақтөбе қаласы 2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Айыпталушы 4 жыл бойы алаяқтық жасап келген. Өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, С. АҚ-ның банк ақпараттық жүйесін пайдаланушының сенімін теріс пайдалану арқылы 777 млн теңгені жымқырғаны анықталған. Сот отырысында айыпталушы  келтірілген залал сомасымен келіспей, кінәсін ішінара мойындаған. Оның кінәсі сот-экономикалық сараптама қортындысымен және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталған. Сотта прокурор 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындауды, банк саласында 10 жыл мерзімге қызмет ету құқығынан айыруды сұрады. Сотталушының  жас баласының болуын ескеріп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, банк саласында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Құқық
15:00, 08 сентябрь 2022
997
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив