Әкімдік қызметкерін өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Әкімдік қызметкерін қатыгездікпен өлтірген ер адам 11 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 
Назгүл Әбетова 
@nazgulabetova
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса қатігездікпен адам өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шықты. Сотталушы ақпан айында көлік ішінде өзінің танысына бірнеше рет пышақпен соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан. Ол сотта кінәсін ішінара мойындаған. Айтуынша, отбасын жоғалтып алудан қорыққан. Екеуінің арасында туындаған жанжал кезінде ашуланып, осындай қадамға барған. 29 жастағы ер адам “қатігездікпен жасалды” деген айыппен келіспейтінін, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.
 Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының қатыгездікпен адам өлтіруге ниетін растайтын дәлелдер анықталмаған. Сот үкімімен кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Және жәбірленушіге 8 000 000 теңге моральдық зиян өндірілген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп оралмаған еді. Автокөліктен зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру барысында 29 жастағы күдіктіні ұстаған болатын. 

Құқық
11:00, 05 июнь 2023
1 130
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив