Ақтөбеде 711 көшеде сенбілік өтті

 

 

Ақтөбеде 1 сәуірден бастап санитарлық тазалау және абаттандырудың екі айлығы өтуде. Қалада көшеттер отырғызылып, сенбіліктер ұйымдастырылды.

 Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

 

Ақтөбеде 1867 көпқабатты үйдің ауласында сенбілік өтті. Сондай-ақ, 86 мектеп, 140 балабақша және 40 емдеу мекемесінің ұжымы аумақтарды қоқыстан тазартты.

 Жалпы, 73 бірлік арнайы техника жұмылдырылып,  101 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Айта кетейік, экологиялық науқан барысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қоқысты тегін қабылдайды. Науқан басталғалы бері 700 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сенбілікке қала әкімі Мұрат Жөребеков қатысты.

 - Біздің бірінші кезектегі міндетіміз - қыс мезгілінен кейін қаланы ретке келтіру. Ол үшін қаланы санитарлық тазарту бойынша екі айлық науқан жарияланды. Сенбіліктер ұйымдастырып, қалалық инфрақұрылымның барлық қажетті элементтерін жуу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстары басталды, - деп атап өтті қала әкімі Мұрат Жөребеков.

 Қаланы көгалдандыру үшін ағаштар, арша мен туя, гүлдер, соның ішінде петуния, тагетис, цинерария, сальвия, бегония, пеларгония, зинния, қалампыр, раушан, бөріқарақат, түймедақ және басқа да гүл түрлері отырғызылады.

 Сонымен қатар, қаланың орталық алаңдары мен скверлерін абаттандыруға ерекше назар аударылады. Барлығы 53 636 шаршы метр гүл, 299 470, 20 шаршы метр көгал және 27 106 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер отырғызу жоспарланған.

Әлеумет
11:04, 28 апрель 2023
333
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив