Бала көп. Мектеп жоқ
Бейбіткүн КӘМЕТИЯҚЫЗЫ
kerekinfoaktobe@gmail.com
Тұрғындар балаларын өзге мектептерге тасымалдап оқытып жүр. Баласын үйінің қасындағы мектепке алғыза алмай, мектептің табалдырығын тоздырып, мектеп директорларынның жолын тосып жүр. Мәселен «Батыс2» мөлтек ауданында барлығы 5 мектеп бар. Оның 2 мемлекеттік, үшеуі жеке меншік және Н.Назарбаев зияткерлік мектебі осы ауданға тиесілі.Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі бір ғана мекеме жұмыс жасайды. Ал, жеке бөбекжайлар саны жетерлік.
Жеке бақшаның бағасы қымбат
Атап өткеніміздей өзге жеке білім беретін мектептер мен балабақша жұмыс жасайды. Жеке мектептерге бір балаға айына 50 000 мен 170 000 теңге шамасында төлейді. Ал, жеке балабақшаларға бір балаға айына 25-40 000 теңге төлдейді. Жергілікті тұрғындар баласын жеке балабақшаға беруге қалтасы көтермейді. Мемлекеттік балабақшаға кезегі келмей, орналастыра алмайтындықтарын жеткізді.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы бүгінде Ақтөбе қаласындада ішкі миграция мен тұрғындар саны жылдам өсіп келе жатқанын айтып отыр. Соның ішінде жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мөлтек аудандарда тұрғындар саны артқанын ерекше атап кетті. Білім саласындағы бұл мәселе 5-6 жылдан бері шешілмей келеді. Жаңа оқу жылы болса, басталуға жақын қалды. Түйткілдің тағы қандай түрлері бар, оларды реттеу үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? Аты аталған мектептердің басшылары болмағанмен, оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасарлары түйткілді мәселенің шешімін былай түсіндірді.
- Бұл –осы мөлтек ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі. Тұрғындар балаларын осы жердегі мемлекеттік екі мектепке бере алмай, талай шу шығарды. Облыстық, қалалық әкімшіліктерге шағымданып, тіпті әлеуметтік желілерге жариялады. Мысалы осы Ұ.Құлымбетова атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектеп негізінен 600 оқушыға арналған болса да, оқушылардың сыйыспауынан, 2 ауысыммен оқытып жатырмыз. Қазіргі таңда екі мыңға жуық бала оқиды. Бірақ, соған қарамастан өзіміздің аумағымызға қарасты тұрғындардың балаларын толық қамти алмаймыз. Себебі, осыдан артық, сыныптар ашуға бос кабинеттер жоқ. Небәрі 23 оқу кластары бар, соған екі мезгілден, алмастырып оқытып жатырмыз.Енді қалған балаларды қаламыздағы өзге де мектептермен келісіп, сонда оқуға жіберіп отырмыз. Ол мектептерде оқушыларды тасымалдайтын арнайы мектеп автобусы бар.Осылай ғана мәселені шеше аламыз.Қазіргі кезде біз №10, №1 мектепкермен келісіліп, батыстың сыйыспай отырған оқушыларын сонда жіберіп отырмыз,-дейді Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Кенжеалина.
Баяғы жартас бір жартас
Бұл мөлтек ауданға қарасты тағы да М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББ орта мектеп-лицейі бар. Аталған мектепте де орын жоқ. Редакцияға мәлімдеме берген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Мерейқызының айтуынша, мектеп өте шағын, не бәрі 512 орынға арналған, алайда бүгінгі күні екі ауысыммен 1121 оқушы өткен оқу жылын аяқтаған екен. Оқушыларды мектептің шағындығына байланысты азайту керектігі айтылған. Бірақ, күн санап оқушылардың санын азайту мүмкін болмай отырғандығын жеткізді.
Осылайша, облыстық білім бөлімі мен мектептердің жауаптарына тұрғындар қанағаттанар емес. Тұрындар жаңадан көп орындық мемлекеттік мектеп болса, мына мектепті кеңейтіп, қосымша ғимарттар салса екен деген пікірлерінде жеткізіп жатты.
«Баламыз мектепке сыймайды, тасымалдау біздерді қинайды»
Асхат Ақниязов, тұрғын:
-Мен осы жылдың мамыр айның соңында Ақтөбе қаласының, батыс-2 мөлтек ауданына көшіп келген едім. Бұл жаңадан ашылған, қаладағы ең жақсы жерлердің бірі. Әрі қала орталығы десек те болады.Алайда осында тұратын тұрындар үшін басты мәселесі балаларын мемлекеттік мектеп пен балабақшаға беру. Батыс мөлтек ауданына зәулім үйлер салып жатқаны белгілі. Осында көшіп келушілер де көп. Бірақ осындай үйлер тығыз орналасқан жерге 2 мектеп, бір ғана балабақша салып берген. Есесіне жеке мектептер мен балабақшалар жетерлік. Олардың бағалары тым қымбат. Қарапайым халықтың қалтасы көтермейді.Оның үстіне бір адамның табысы қалай жетсін? Көршілерімнен сұрастырдым. Кейбіреулері бала тасу қиын деп, «Білім», «Сымбат», «Ақбөбек» сынды жеке, ақылы мектептерге амалсыздан берген. Мектеп салынып жатқанын көргенде барлығы қуанады, бірақ ол жеке мектеп екенін біліп, көңілдері су сепкендей басылып қалады. Қазір білімге көп көңіл бөлініп келеді. Бірақ, ақылы мектепке оқыту дұрыс емес қой. Тіпті колледждің өзін тегін етіп жатқанда, мектепті қалай 11жыл бойы ақылы оқытамыз? Айтайын дегенім, 2 баламды мамыр айынан бері №63 пен№ 64 мектептерге алдыра алмай келемін. Өзім де, жолдасым да бірнеше рет мектеп директорларына барды. Жаңа оқу жылына бірі 4-сыныпқа, бірі 6-сыныпқа барғалы отыр. Мектеп директорлары мектепте бала көп екендігін айтып, 8 мөлтек ауданында орналасқан №1 орта мектепке апаруымды, сонда оқитын, сонда қабылдап жатқандығын айтады. Мен бұған келісе алмаймын. Себебі, балаларым қаланы білмейді, өзіміз Хромтау ауданынан көшіп келдік. Балаларды мектепке апарып, әкелетін адам жоқ. Әйелім баламен уйде, өзім сол Хромтауға қатынап жұмыс жасаймын. Бүгінгі күні балабақша жасындағы екі қызымды уйден бағып отыр, оларға да бөбекжайлардан орын жоқ. Сондықтан, ең болмаса осы үлкен екеуін үйдің жанындағы мектепке орналастырып берсе екен. Басқа мөлтек аудандардан келіп, қатынап оқып жүргендер бар екен. Неліктен мекен жай бойынша қабылдамайды?
Ақтоты Төлеуова, тұрғын:
-Біздің үйіміздің мекен-жайы бойынша №64 мектепке жатамыз.Осы үйде 2012 жылдан бері тұрып келемін. Жалпы осы маңда баланы мектепке беру өте қиын.Төрт баланың анасымын. Әсіресе, 1 классқа баратын балаңыз болса тіпті қиын. Осыдан бір жыл бұрын көршілерім 1-сыныпқа баратын балаларын мектепке бере алмай, жиналып қалалық, облыстық білім бөлімдеріне арызданып жүріп, соңын айқай - шумен балаларын шаққа мектепке алғызды. Міне, енді менде биыл солардың істегенін істеп, бармаған жерім жоқ, мекемелердің алдын тоздырдым. Өткен жылдан бері мектептердегі дайындық топтарын жауып тастаған. Баламды қыс бойы күніне 2000 теңге беріп, ақылы орталықтарда дайындаттым. Мақсатым балабақшаға бармаған балама аз да болса, санап, жазып үйрету еді. Бірақ, осылай қиындықпен дайындалған баламды тіпті 1 –класқа қабылдата алмай жатырмын. Мектеп директоры «бос орын жоқ, сіз балаңызды №1 мектепке барып оқытыңыз» деп шығарып салады.Қазір бәрі қымбатшылық, бір үйде екі адам жұмыс жасамаса, тіпті тамақты сатып алудың өзі қиын. Мен осы бала үшін жұмыстан шығуым керек екен.Үйдің жанындағы мектеп емес,бізден 4-5 аялдамада қашықтықтағы мектепке апарып оқыт дейді. Күнделікті автобус ақысын төлеу балам екеумізге қиындық тудырады. Үйдің жанында ақылы мектеп бар, айына 78000 теңге екен. Бірақ, оған менің шамам жетпейді.Ақылы мектептер соңғы кезде көбейіп кетті. Неге мемлекеттік мектеп салмайды?
Зухра Жолдасқалиева, тұрғын:
-Біз осыған дейін «Есет батыр» мөлтек аудандарнындағы №60 мектепте оқып келдік, осы жылдан, бастап Батыс-2 мөлтек аудана көшіп келіп жатырмыз. Енді баламызды мектепке берейік десек, орын жоқ екенін айтып отыр. Біз енді екі ойлы болып қалдық. Бұрынғы мектепке қатынап оқи алмаймыз. Мен өзім де, жолдасымда вахталық әдіспен жұмыс жасаймыз. Баламыз 3 сыныпқа енді барады. Егіз балалар, орыс сыныптарында оқиды. №64 орта мектеп орын тауып берсе екен. Егер орын болмаса басқа қалаға көшеміз шығар. Үйдің жанынан кіріп шығып оқығанға не жетсін. Қазірде жеке мектептер көбейген, оқу ақылары да тым қымбат. Оларға неге тосқауыл жоқ. Осындай мектептер қарапайым халыққа пайдасы жоқ. Осылардың орнына мемлекеттік мектеп пен балабақшалар көптеп салынса жақсы болар еді.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ТОҚЕТЕРІ:
Білім саласында «былық» аз емес. Жаңа оқу жылы басталған тұстан көңілі толмай, арызданып жүргендер көбейеді. Шырылдаған ата-ана баласын үшінші ауысыммен сабаққа жіберіп, кеш батқанда уайымдай бастайды.Мектеп автобусына баланың мініп, мінбей қалуы тағы уайымға салғызып отыр екен.Бәрінің де негізі бар. Айтқан уәждері де орынды. Сынды жоғары жақ қабылдап, түзетсе игі. Әйтпесе, «айта-айта Алтайдының» әңгімесі жыл сайын айтыла бермек.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить