Сақтансаң- сақтайды...

 

Ақтөбе тұрғындарына интернет алаяқтарының жаңа әдістері туралы ескерту жасалды. Құқық қорғау органдары тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қашықтан ұрлық әрекеттері қарқынды түрде артып келеді.Алаяқтар барынша қолжетімді ақпарат пен заманауи технологияларды шебер пайдаланып, адамдардың психологиясын жақсы меңгерген. Олар адамды өз еркімен жеке мәліметтерін ашуға не белгілі бір әрекеттер жасауға итермелейді. Адам бойындағы әлсіз тұстарды (қанағатсыздық, ашкөздік), сезімдерді (аяныш, туыстарына алаңдау, мейірім) өз пайдасына қолданып, қылмыстық әрекетке барады.

 Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған әдістері:

“Туысыңыз бірдеңегеұрынды” деген сценарий

 Алаяқ өзін туыс немесе таныс ретінде таныстырып, абыржулы дауыспен полиция ұстағанын, қылмыс жасады деп айыпталғанын хабарлайды (мысалы, жол-көлік оқиғасы, есірткі сақтау, адамға ауыр жарақат келтіру). Кейін “полиция қызметкері” деген біреу қоңырауға қосылып, осындай жағдайларда "көмектескенін" айтып, сенім ұялатады. Ол ақшаны енді қолма-қол емес, белгілі бір мекенге жеткізу немесе көрсетілген телефон нөміріне/шотқа аудару қажет екенін айтады.

 Жүлде ұтып алу (телефон, ноутбук, көлік және т.б.)

 Абонентке смс-хабарлама келеді: “лотерея нәтижесі бойынша көлік ұтып алдыңыз”. Алаяқтар жәбірленушіге арнайы сайтқа кіріп, науқан шарттарымен танысуды немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұрайды. Қоңырау шалған соң, “салық”, “құжат рәсімдеу”, “аударым комиссиясы” секілді сылтаумен белгілі бір соманы шотқа аударуды талап етеді. Кейін жәбірленушіге тіркеу кодын алу үшін сандар мен таңбалар комбинациясын тергізіп, сол сәтте-ақ шоттағы ақша жоғалады, ал алаяқтар байланыссыз қалады.

“Маған көмектес” деген SMS

 Абонентке: “Мәселе туындады, мына нөмірге қоңырау шал немесе оған ақша сал” деген мазмұнда хабарлама келеді. Адам ақша аударады, кейін қоңырау шалса — нөмір сөндірулі, ақшаны қайтару мүмкін емес.

Төлем коды

 Мобайл оператор қызметкері ретінде қоңырау шалып, “жаңа қызмет”, “байланысты жақсарту” немесе “техникалық ақауға байланысты қайта тіркеу” деп сендіріп, абонентке белгілі бір кодты теруді ұсынады. Бұл код негізінде алаяқтар абоненттің шотынан өздеріне ақша аударады.

 Оператордың айыппұлдары

 Алаяқ өзін оператор қызметкері деп таныстырып, “тариф ауыстырғаны туралы ескертпедіңіз”, “уақтылы төлем жасалмады” немесе “роуминг қызметін заңсыз қолдандыңыз” деген желеумен айыппұл төлеу қажеттігін айтады. Төлем экспресс-карталар арқылы жүргізіліп, кодын айтып жіберуді сұрайды.

 Ақшаны қате аудару

 Абонентке «Мобильді аударым» қызметі арқылы шотына белгілі бір ақша сомасы түсті деген SMS келеді. Артынша қоңырау шалып, ер немесе әйел адам «ақшаны қателесіп жіберіп қойдым» деп, сол соманы қайтадан кері жіберуді өтінеді. Негізінде, ешқандай ақша түспеген, ал адам өз ақшасын алаяқтарға жібереді. Кей жағдайда көрсетілген нөмір қолжетімсіз болады. Сонымен қатар, алаяқтар арнайы нөмірлерді қолданады – қоңырау шалсаңыз, шотыңыздағы бүкіл ақша шешіліп кетуі мүмкін.

 SMS-хабарламалар мен қоңырауларды аңду қызметі

 Кейбір азаматтардың туыстары мен таныстарының жеке жазысқан хабарламаларын оқуға деген қызығушылығын алаяқтар жақсы пайдаланады. Олар интернетте арнайы қызмет ұсынып, кез келген адамның кіріс-шығыс қоңыраулары мен SMS-хабарламаларын оқу үшін белгілі бір қысқа нөмірге 10–30 теңгелік SMS жіберуді сұрайды. Бірақ шын мәнінде, сол SMS арқылы әлдеқайда көп ақша шешіліп, уәде етілген «ақпарат» ешқашан берілмейді.

 Онлайн сауда сайттарындағы алаяқтық

 Алаяқтар интернеттегі хабарландыруларға көрсетілген нөмірлерге хабарласып, «тауар үшін алдын ала кепіл ретінде ақша аударғым келеді» деп, карта нөмірін және деректерін сұрайды. Жәбірленуші карта мәліметтерін айтқаннан кейін, шотынан барлық ақша шешіліп кетеді. Сондай-ақ, алаяқтар керісінше сатушыдан шотты толтыруды да сұрауы мүмкін.

 “Вишинг” – телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық әдіс

 Бұл — қылмыскерлердің соңғы жылдары жиі қолданатын әдісі. Олар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, «сіздің картаңыз бұғатталды», «банк қызметкерлері рұқсатсыз аударымды тоқтатты» деген сылтаумен қорқытады. Қоңырау үздіксіз қайталанып, адам ақыры жауап береді. «Қауіпсіздік қызметі» дербес деректерді, СМС арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрап алады. Дауыс сенімді, сабырлы, ал айтқандары – тым шынайы естіледі. Осылайша, адам өз еркімен барлық ақпаратын айтып береді. Алаяқтар кейде нөмірді бұғаттап, барлық қоңырауларды өздеріне бағыттайтындай технология қолданады. Сондықтан жағдайды нақтылау үшін басқа телефоннан банкке хабарласу ұсынылады.

 Дос не туысқанның аккаунтын бұзу

 Алаяқтар әлеуметтік желі арқылы адам болып жазып, «қиын жағдайға тап болдым, ақша бере тұршы» деп хабарлама жібереді. Таныс адамның атымен сөйлесіп тұрғанына сенген адам ақшаны аударады. Бірақ шын мәнінде, аккаунт бұзылған, ал хабарлама алаяқтан келген.

 Сілтеме арқылы вирус тарату

 Сізге «ашықтама, ән, сурет немесе бағдарлама» жүктеу үшін сілтеме келеді. Ол арқылы сіз білмей тұрып телефоныңызға вирус орнатып, ақылы қызметке жазылып қалуыңыз мүмкін. Хабарлама кімнен келгенін тексеріңіз. Тіпті танысыңыздан келсе де, нақтылап сұраған жөн — себебі ол адамның телефоны да бұзылған болуы мүмкін.

Есіңізде болсын: смартфонға антивирустық бағдарлама орнату — артықшылық емес, қауіпсіздік үшін маңызды қажеттілік.

Телефон алаяқтығынан қалай сақтануға болады?

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, жақындарыңызға міндетті түрде түсіндіріп жүріңіз:

 Егер туысыңыз немесе танысыңыз жол апатына түсті, қамауға алынды деген хабар келсе, әсіресе ақша сұралса — бірден сенбеңіз. Туысыңызға тікелей қоңырау шалыңыз. Бұл – алаяқтардың сіздің ақшаңызды иелену амалы болуы мүмкін.

 Бейтаныс нөмірлерден келген:

  • «Маған ақша салшы»,
  • «Ауырып қалдым»,
  • «Шұғыл жағдай болды» деген SMS-хабарламаларға жауап бермеңіз.

 Телефон арқылы жеке ақпарат (ЖСН, карта нөмірі, SMS-пароль, т.б.) туралы ешкімге ештеңе айтпаңыз. Уақтылы полицияға жүгіну арқылы басқалардың да алдануына жол бермеуге көмектесесіз. Алаяқтардан тек зерделік, мұқияттық және сақтық арқылы қорғана аласыз.

 Алаяқтарға алданып қалмау үшін есте ұстаңыз:

🔐 Банк қызметкерлері ешқашан:

 – Карта нөмірін, жарамдылық мерзімін, артқы жағындағы үш таңбалы CVV-кодты сұрамайды.

– Сіздің SMS-пен келген бір реттік құпия кодыңызды сұрамайды.

– Сізді банкоматқа баруға немесе қандай да бір операция жасауға үгіттемейді.

– Қоңырау соғып, жеке ақпаратты талап етпейді.

 💳 Сақтық шаралары:

 – Карта мен PIN-кодты бірге сақтамаңыз.

– PIN-кодты картаға немесе қағазға жазып жүрмеңіз.

– PIN-кодты ешкімге айтпаңыз.

– Банк картасына қатысты ешқандай мәліметті үшінші тұлғаға бермеңіз.

– Белгісіз сайттардан, тым арзан тауарлардан сақ болыңыз – бұл алаяқтардың құрығы болуы мүмкін.

– Әлеуметтік желідегі таныстарыңыз ақша сұраса – нақтылап, жеке хабарласып тексеріңіз. Аккаунт бұзылған болуы мүмкін.

– Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз файлдарды жүктемеңіз.

– Смартфоныңызға міндетті түрде антивирус орнатыңыз.

 Тегін тамақтың қақпанда ғана болатынын ұмытпаңыз! Интернетте, әлеуметтік желілерде, теледидарда, банктер мен дүкендерде ескерту парақшалары қанша көп болғанымен, адамдар әлі де алаяқтарға алданып жатыр.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі алаяқтар өте ұқыпты, білікті әрі технологияны жақсы меңгерген. Сондықтан әр адам ақпараттық қауіпсіздікті үйреніп, жақындарын да соған 

Қоғам
14:00, 18 июль 2025
255
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив