Алғыс айту-адамдықтың белгісі

 

1 наурыз — елімізде жалпыхалықтық мереке — Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Атаулы күн Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күн.  Мереке қарсаңында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы редакциямызға  өздерінің ыстық лебіздерін жолдаған болатын. Ассамблея ел өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның негізгі рөлі қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Биыл ассамблеяның 30 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар маңызды жобалар мен іс-шаралар жүзеге асыру жоспарлануда.

  • Бұл жобалар этностардың бірлігін нығайтуға, мәдени әртүрлілікті құрметтеуге және ұлттық келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған. 1 наурыз алғыс айту күні қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылу рәсімі; ҚР мемлекеттік гимнін орындау республикалық акциясы; "Алғыс елдің бәріне" атты мерекелік концерті; «Қазақ халқына мың алғыс» стелласына гүл шоғын қою; «Алғыс айту адамгершіліктің белгісі» челленджі, ҚХА өкілдерінен бейнеқұттықтаулар, «Бірлік» жолымен атты көрнекті қоғам қайраткерлерінің жарқын бейнероликтер топтамасы «Ақтөбе» телеарнасында жарияланады; ҚХА 30 жылдығына орай «Тағдырлары тоғыстырған халықпыз» айдары «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде мақалалар жариялымы жүргізілуде; «Бір шаңырақ астында» бейнероликтер топтамасы, Дүниеге келген «30 нәрестеге бата беру» акциясы, «Ардагерлерге құрмет» сенбілік акциялары; «Еңбек жолындағы жастар» бейнероликтер топтамасы; ҚХА жанындағы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Қарттар үйінде меркелік іс-шара өткізілу жоспарлануда,-дейді Қоғамдық келісім КММ маманы Бекзат Орынбасарқызы.

Ақтөбе Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы іргесі қаланды. Оған жергілікті әкім төрағалық етеді. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясым мүшелерінің жалпы саны 115 адамды құрайды.  Қазіргі уақытта өңірде 17-і этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.

  • Ассамблеяның негізгі міндеттеріне этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету,  халықтың бірлігін нығайту, қоғамның негізгі құндылықтары бойынша консенсусты қолдау және дамыту; демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру; Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту кіреді. Өңірде бірлескен қызмет туралы меморандумдар негізінде көптеген жаңа қоғамдық жұмыстар іске асырылып жатыр. Аталмыш істер дәстүрлер мен мәдениетті, интеграцияны, мәдениетаралық байланысты сақтауда Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының жұмысының маңыздылығын айқындап береді. Өңірде ҚХА жанынан «Ақсақалдар» мен «Аналар» кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, Этномедиация, Ғылыми – сараптамалық кеңес, журналистер клубы, Жомарт жан орталықтары  құрылып, қызметін атқаруда.  Кеңестер құрамында белгілі тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ардагерлер, аналар бірлестіктері, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан мүшелері белсенділік танытуда,-дейді Бекзат Орынбасар қызы.

Ассамблея 13 жобасы шеңберінде «Адал азамат», «Салауатты сана» ұлттық жобасы, Мемлекеттік тілді дәріптеу және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған «Мәміле» тілдесу клубы, «Жаңа толқын», «Бірлігіміз әралуандықта», «Ассамблея айнасы»,  «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол», «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциялары ұйымдастырылып, жобалар жүзеге асырылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі ұлтаралық келісім мен бірліктің басты кепілі.

  «Урарту» армян қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Мурадян Овсеп Ашотович:

- Құрметті достар! Бүгін көктемнің алғашқы күні. Туған жерімізге, жер анамызға, ата-анамызға деген алғысымызды білдіріп, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін мақтан етер күн. Сондай-ақ, әрбір қазақстандықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, ел дамуының негізі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы. Алғыс айту күні адамдарды жақындастырып, сыйластықты арттырады. Елдің бірлігін, достығын, халықтың татулығын білдіретін ерекше күнде әрбір жанның амандығын, отбасының берекесін тілеймін!


«Вайнах» шешендердің Ақтөбе облыстық ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Нурманов Ризван:

- Құрметті Қазақстандықтар! Бүгін біз үшін ерекше күн!  1–наурыз Алғыс айту күні, көктемнің алғашқы күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы.  Баршаңызды осы қуанышты мерекемен құттықтаймын! Алғыс айту күні – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, жақсылықтар үшін алғыс айтар сәт. Ал Наурыз – жаңа өмірдің, жаңарудың, молшылық пен татулықтың символы. Осы айтулы күндерде елімізге бейбітшілік, келісім мен бірлік тілейміз!

«Эллада»  этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Тайлахиди Анастасия:

- Құрметті Қазақстандықтар!Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – бұл жай ғана алғыс айту күні  емес, өзара мейірімділік пен жылы сөздердің, жақсылық жасаудың күні. Бүгін біз бір-бірімізге алғыс айтып, өткенді еске алып, болашаққа деген сенімімізді нығайтамыз. Әр отбасыға, әр шаңыраққа бақыт, молшылық, тыныштық және сәттілік тілеймін!

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Асма Билалова:

- Құрметті қазақстандықтар!Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің атынан барша қазақ елін, көктемнің алғашқы күні  өткізілетін 1 наурыз - «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Қазақстанның барлық тұрғындары бірі-бірін құрметтеп, рақмет айтатын, жылылық сыйлайтын, қошемет білдіретін күн, жалпыхалықтық мереке! Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр, бұл игілікті іс екені сөзсіз. Біздің аналар өскелең ұрпақты достыққа, толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту жолында тынбай еңбек етуде. Сондықтан да, ынтымағы жарасқан  еліме, қасиетті жеріме  ризашылығым шексіз!

 «Ассамблея жастары» РҚБ Ақтөбе облысы бойынша төрайымы Зульфия Набиулина:

- Құрметті Ақтөбеліктер, отандастар!Баршаңызды өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.  Бұл күннің мағынасы мен маңыздылығы біздер – өскелең ұрпақ үшін орасан зор! Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосуда. Ата – бабаларымыздың осындай қонақжайлығы мен бауырмалдығының  арқасында бүгінгі күні жүздеген ұлт өкілдері бір аспан астында бейбітшілік пен достықтың ошағында өмір сүруде. Бұл – егемен еліміздің баға жетпес байлығы.   Көктемнің алғашқы шуақты күнімен ұштасып келген мерекеде барша Қазақстандықтарға еліміздің өсіп-даму жолында қосып жатқан үлесі үшін, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында танытып жатқан жауаркершіліктері үшін алғыс білдіремін! Аспанымыз ашық, еліміз аман, әр отбасыға береке мен бірлік тілеймін!


 

Өңірлік  «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі мүшесі,  Қобыланды батыр атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мен әдебиет пәні мұғалімі Милана Хаджиева:

- Құрметті достар!

Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – біздің халқымыздың достық, ынтымақтастық пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мерекесі. Бұл күні біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан әрбір азаматтың, этностар мен мәдениеттердің үлесін атап өтіп, бір-бірімізге алғысымызды білдіреміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы сипатымызды паш ететін, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында маңызды рөл атқаратын ұйым. Осы үш онжылдық ішінде Ассамблея өз қызметімен өзара құрмет пен түсіністік негізінде біртұтас ұлт болуға бағытталған көптеген жетістіктерге жетті. Алғыс айту күні әрбір азаматтың бірлігі мен өзара сыйластығын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл күн елімізде жасалған жақсылықтарды, бейбітшілікті және барлық этникалық топтардың бірігуін тойлауға арналды. Алдағы уақытта Ассамблеяның әрбір қадамы еліміздегі ынтымақтастықты нығайтуға, өзара сыйластықты сақтауға және Қазақстанның барлық этникалық топтарының дамуына жағдай жасауға бағытталсын. Бейбітшілік, өркендеу мен келісімнің нұры жүрегімізде жарқырай берсін, ал еліміз әрі қарай да дамудың тұрақты жолымен алға бассын. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен және Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бақыт, тыныштық және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктерге жету жолында табыс тілеймін!

 

Қоғам
09:39, 28 февраль 2025
598
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив