Мемелеттік қызметшілердің қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын түсіндіру

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті дамыту мен жетілдірудің басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттағы талаптар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңдылық, адалдық, әділдік, ашықтық және халыққа қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге, қызметтік өкілеттіктерін жеке басының мүддесіне пайдаланбауға, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарауға тиіс.

Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметші:

  • қызметтік тәртіпті сақтауға;
  • әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
  • қызметтік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеуге міндетті.
  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге;
  • қызметтік міндеттерін сапалы және тиімді орындауға;
  • қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсатта пайдаланбауға;
  • қызметтен тыс уақытта да қоғамда мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, олардың алдын алу шараларын қабылдау, сондай-ақ белгілі болған құқық бұзушылық фактілері туралы уәкілетті органдарға хабарлау міндеті жүктелген.

Аталған заңның нормаларына сәйкес:

- лауазымдық өкілеттіктерді жеке пайда табу мақсатында пайдалануға;

-заңда көзделмеген сыйақылар, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдауға;

- қызметтік жағдайын пайдалана отырып, артықшылықтар алуға тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы қоғам тарапынан мемлекеттік аппараттың беделін айқындайды. Сондықтан әрбір қызметші өз әрекеті мен шешіміне жоғары жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл тек уәкілетті органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби адалдығы мен жоғары әдеп стандарттарын сақтауы – халық сенімін нығайтудың басты кепілі.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Әдеп жөніндегі уәкілі А.Т.Калменов

Қоғам
15:00, 21 май 2026
346
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив