Соғыс жылдарындағы Ойыл

    Соғыс  жылдарындағы Ойыл
    Ақтөбеде Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында “Ойыл соғыс жылдары” атты кітап жарық көрді. Кітап альбом форматында құрастырылған. Онда соғыс жылдары майданға аттанған ойылдықтар туралы деректер бар. Авторлар мәліметті Ресей мұрағаттарынан жинаған. 2014 жылғы наурыз айында құрастырыла бастаған жинақ биыл қаңтар айында дайын болды. Кітап авторларының айтуынша, мұндай жинақ облыста бірінші рет шығарылып отыр. Кітаптағы кейбір деректер бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.

    Алмат ПАНГЕРЕЕВ, құрастырушы-редактор, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
    - Жұмыс барысына қиындық келтірген жайттер көп болды. Соның бірі - Ресей архивтерінде қазақ азаматтарының есімдері бұрмаланып кеткен. Кейбір есімдердегі қазақ әріптері орысша жазылғанда мүлдем мағынасын жоғалтып алған. Біз оларды барынша нақтылап беруге тырыстық. Келіспейтін кейбір тұстарын солайымен қалдыруға тура келді.
    Жинақта 1941 жылғы колхоз-совхоз театры сахналаған қойылымдардан түсірілген суреттер де бар. Сондай-ақ, Партия комитетіне адамдардың тағайындауы мен босатылуы туралы құжаттар да еніпті. Тіпті, соғыс басталар кезеңдегі ауа-райы туралы мәлімет те көрсетілген. Кітап авторлары бұл еңбек болашақта да өз жалғасын табады -дейді. Оған Ойыл өңірінің революцияға дейінгі және кейінгі жылдары, Отан соғысынан кейінгі жылдардың мәліметі енуі ықтимал. Ал Жеңістің 70 жылдығына арналған жинақ Алматыда 500 данамен басылып шықты. Жинақтың редакторлар құрамында Алмат Пангереевтен өзге Нұрлан Жұмағалиев пен Олег Ярошенколар бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Есен Елеукен: Cпорт комментаторы болуды армандайтынмын
  • Ардагердің ұлы әкесіне көше берілгенін қалайды
  • Қыстақты шабуылдағандардың бірі ұсталды
  • Сейітжан Төлемісов туралы естелік
  • Қайырымдылық концерті өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге