Балабақшадан орын алу құны 30-100 мың теңге ме?

    Балабақшалардың тапшылығы Қазақстанның барлық өңірлерінде бар.Ақтөбеде де кезегін күтіп, үйде отырған бала көп. Орын тапшы. Бұл білім саласындағы жемқорлықты өршітіп жіберген факторлардың бірі. Баласын бақшаға “орамалын беріп” орналастырғандар сыбырлап қана сөйлейді.Ресми органдар “облыстың білім саласындағы жемқорлық деректері көбейіп кетті” дейді. Биік мінберлерден тіпті “орамалдың” нақты сомасы да айтыла бастады.

    “Қазіргі таңда балабақша кезегін күтіп, 29 мың бала үйде отыр.”
    Ләззат Оразбаева Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы

    “Балабақшадағы орынның жетіспеушілігі жемқорлық үшін берекелі жер. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына орналастыру құны белгіленіп қойған. Әр аймаққа 30-дан 100 мыңға дейін келеді”. Бұл ақпан айының 19-ы күнгі “Нұр Отан” партиясының жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінде Парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың жасаған мәлімдемеcі. Депутат ханым Қазақстанның әр аймағында “орамалдың” құны әр түрлі екендігін ашып айтты.
    Меруерт Қазбекова атап өткен ең аз сома 30 мың теңгені “Керек.info” тілшісімен сөйлескен ақтөбеліктердің бірде біреуі аузына алған жоқ. Соған қарағанда, бұл біздің өңірге тән емес “тариф” болса керек.
    Ақтөбе қаласының тұрғыны Бұлжетпес Қанатбаева екі баланың анасы.2012 жылы баласы қырқынан шыққан бойда “Бәйшешек” балабақшасына тіркеп қойған.Кезекке 1233-ші болып алыныпты. Жақында egov.kz арқылы кезегін қараса, мүлдем жылжымаған. Керісінше, 3333-ші болып төменге қатарға түсіп қалғандығын байқаған. Бұлжетпестің ұлы қазір 3,5 жаста.

    Бұлжетпес ҚАНАТБАЕВА, қала тұрғыны:
    - Балабақшада 2 жастағы балалар шауып ойнап жүр. Біреулер 100 мың теңге беріп кіргіздік дейді. Менде ондай ақша жоқ. Жолдасымның айлығы шайлығымыздан ауыспайды. Кезегімнің ілгері емес, кейін кетіп қалғанына қарағанда , менің алдыма пара бергендер түсіп кетті ме деп қорқамын.Басқа не болуы мүмкін? Сәбиді белінен шықпай жатып пара беріп, балабақшаға орналастырсақ жетіскен екенбіз?

    Жаңақұрылыс аулының тұрғыны Гүлбаршын апай (аты-жөнін толық атамауды өтінді) жеке дүкеннің иесі. Баласы мен келіні жұмысбасты. Сондықтан немересін балабақшаға орналастырмақ болып, қалалық білім бөліміне барған. Қолына таспих ұстаған кісі көздерін бақырайтып қойып 75 мың теңге сұрапты.Тек менен ғана емес,жұрттың бәрінен сұрады. Ақша сұрады деп жылап шыққандарды көзіммен көрдім -дейді ол.

    Баян Жұмағалиева, медбике:
    – Баланы бақшаға орналастыру үлкен проблема. Бұл саланы жемқорлық жайлап алғанын жұрттың бәрі біледі. Өз басым соны естіп, балам дүниеге келісімен кезекке тіркеп қойдым. Екі жылдан кейін барсам, кезегім әлі жылжымапты. Жұмысқа шықпақшы болып, жақын маңдағы балабақшаға бардым. Білдей бастығының өзі ұялмай 80 мың теңге берсең, шаруаң шешіледі деп қарап тұр.Ондай ақша үйде отырған әйелде қайдан болсын? Күн көру керек, ұлымды ата-енеме апарып тастадым.

    Ақтөбе облыстық Статистика департаментінің мәліметінше 2014 жылы Ақтөбе қаласында 11 166 бала дүниеге келген. Демек, 11166 бала балабақша кезегіне тіркелді деген сөз.

    Байқап отырған боларсыздар, ақтөбеліктердің аузынан 75-100 мың теңгеден кем сома шыққан жоқ. Алайда, былтыр ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл агент-тігінің Ақтөбе
    облысы бойынша Депар-таментінде (қаржы полициясында) мектеп жасына дейінгі мекемеге орналастыру үшін пара беру дерегі тіркелмеген. Бұл туралы “Керек.infoға” аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент таратқан мәліметке қарағанда, 2014 жылы білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол берген 13 адамға қатысты іс тіркелген.Он қылмыстық іс сотқа жолданды. Қалған 3 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, қазіргі таңда балабақша кезегін күтіп, 29 мың бала үйде отыр.Әсіресе, Ақтөбенің 8 ықшамауданы, қаланың ескі бөлігі мен тұрғындар қалашығы аудандарында балабақша жетіспейді.
    Ләззат Аманжолқызы балабақшаға жолдамасыз орналастыру дерегінің ішінара кездесіп қалатындығын айтып отыр. Ақтөбеде 2013 жылы №35 “Балбұлақ”, 2014 жылы №7 “Арман” балабақшаларының меңгерушілері жемқорлыққа жол беріп, қызметтерінен босатылған.
    “Керек.info” тілшісі “балабақшадан орын алу құны 30-100 мың теңге ме?” деген сауалды Ләззат Оразбаеваға да қойған болатын.Ләззат ханым оны жауапсыз қалдырды.

    “Балабақшадағы орынның жетіспеушілігі жемқор-лық үшін берекелі жер. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына орналастыру құны белгіленіп қойған. Әр аймаққа 30-дан 100 мыңға дейін келеді”
    Меруерт Қазбекова ҚР Парламент мәжілісінің депутаты

    Заң бойынша балабақшаға бірінші кезекте, немесе кезектен тыс қабылданатын кімдер?
    ● Әскери қызметкерлердің балалары
    ● Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
    ● Көп балалы отбасылардың балалары
    ● Бірінші немесе екінші топтағы мүгедек жандардың балалары

    Ұқсас жаңалықтар
  • Емші бала Ербосын Ақтөбеге келді
  • Былтыр 574 ақтөбеліктің 91-і дәстүрлі дінге оралған
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • Бразилиядағы футбол академиясына 26 бала аттанды
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге