Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді

    Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
    Ақтөбеде тағы бір оқушының өзіне өзі қол салғандығы белгілі болды. Бұл жолы Кірпішті елдімекеніндегі №18 орта мектептің 11 сынып оқушысы сірке суын ішіп қойған.

    -Оқиға сәуірдің 26-сы Президент сайлауы күні болды. Оқушы Ақтөбенің 11 ықшамауданындағы әпкесінің үйіне барып, уксус ішкен. Араға 4 тәулік салып, 30 сәуір күні ауруханада жан тапсырды. Содан бері мектебімізде күнде тексеру, –дейді аты-жөнін атамауды сұраған мектеп мұғалімдерінің бірі.

    Мұғалімнің сөзіне қарағанда, оқушы қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Бала анасымен бірге Кірпішті елдімекеніндегі жалдамалы пәтерлерінде тұрыпты.

    “Керек.info” тілшісі №18 орта мектептің директорына хабарласқан болатын. Мектеп директоры Тәтті Жадығаринаның айтуынша, осы оқиғадан кейін мектепте оқушылар үшін психологиялық семинар-жаттығулар өткізілген.

    Марқұм болған қыз бала 9 сыныптан бері осы мектептің оқушысы. Оған дейін Мұғалжар ауданындағы мектептердің бірінде білім алыпты.

    - 26 сәуір күні Президент сайлауында дауыс берді. Бұған дейін де, сол күні де оның көңіл-күйі өте жақсы болатын. Өз-өзіне қол жұмсайтын адамға мүлдем ұқсамайтын. Ақкөңіл еді. Үнемі күліп жүретін. Сабақты да жақсы оқыды. ҰБТ алдындағы сынақтан 96 балл жинады,- дейді директор Тәтті Жадығарина.
    26 сәуір күні 1997 жылы туған қыз баланың өзін өзі өлтірмекке әрекет жасағанын жергілікті полиция да растап отыр.

    Осылайша сәуір айының соңғы күндері Ақтөбеде екі оқушы суицид жасады. Екеуі де 11-сынып оқушылары. Өз өзіне қол салған балалардың бірі Ақтөбедегі №26 мектептің оқушысы болатын. Ол да сәуірдің 30-ы күні жетінші қабаттан секіріп кетті.

    Оқушы қыз сол жерде жан тапсырған. Оқиға куәгерлерінің бірі оқыс жағдайдың күндізгі уақытта 11-ықшамауданда болғандығын айтады.

    1997 жылы туған қыз бала 30 сәуір күні өзіне өзі қол жұмсады-деген хабарды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі де растап отыр. Полицияның мәліметінше, осы дерек бойынша ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Суицид жасаған қыз бала Ақтөбедегі №26 мектептің оқушысы болатын. Мектеп басшысы мен мұғалімдер бұл деректі жоққа шығармады. Бірақ, түсініктеме беруден бас тартты.

    Осы оқиғаны өзара қызу талқылап жатқан әлеуметтік желідегі ақтөбеліктер 11 сынып оқушысының өлімін Ұлттық Бірыңғай Тестпен байланыстыруда. Олар ҰБТ-ны оқушының жүйкесіне жүк түсіретін “психологиялық соққы” деп санайды.
    Полиция оқушының өліміне ҰБТ немесе өзге бір жағдайлардың себеп болғанын әлі хабарлаған жоқ. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.

    Ал қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева мектептердегі психологтың бәрі бірдей кәсіби емесін мойындап отыр. Сөз арасында суицидке жол берген екі оқушының да кәмелет жасқа толып кеткенін де атап өтті.

    - Басшы ретінде мұндай оқиғалар мені қатты қобалжытты. Екеуі де мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын, жақсы оқитын балалар еді. ҰБТ алдындағы сынақта да өздерін жақсы көрсеткен.Қазір бұл істермен полиция айналысып жатыр. Сондықтан, олардың алдын орап ештеңе айта алмаймын. Екі оқушының да отбасында не жағдай болғаны бізге белгісіз,- деді Ләззат Оразбаева.

    Қалалық білім бөлімі басшысының сөзіне қарағанда, Ақтөбедегі 71 мектепте 158 психолог жұмыс жасайды. Бірақ, Ләззат Оразбаева олардың бәрін тәжірибелі деп айта алмады.

    -Алматы қаласынан кәсіби психологтарды шақырып, өз мамандарымызға ақылы курс-тар өткізбек ойымыз бар. Кеше Алматыдағы “Отбасы психологиясы” институтына сұраныс жібердік. Олар келісімдерін берсе, курсты мамыр айының соңына жоспарлап отырмыз,-дейді ол.

    Жыл басынан бері қала мектептерінде суицид бойынша үш жағдай тіркелді. Өз-өзіне қол жұмсағандардың бірі – мұғалім.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тағы бір оқушы суицид жасады
  • Полиция: Оқушы суицид жасады
  • Жоғалған оқушы ата-анасына ренжіген
  • Жоғалған оқушы табылды
  • Жол апатынан 8 жастағы оқушы қыз қайтыс болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге