Алматыда 22 жастағы қыз жүрегі ұстап құлаған ер адамды басып кетті

    Алматыда 22 жастағы қыз Lexus автокөлігімен жаяу жүрушіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бірнеше уақыттан кейін автокөліктің жүргізушісі «Думан» ықшамауданынан табылды, қыз бар кінәні мойнына алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

    Жол апаты Халиулина көшесінде болған. Lexus жаяу жүргіншіні үлкен жылдамдықпен басып өтіп, ондаған метрге дейін сүйреп әкеткен. Соның салдарынан ер адамның денесі қатты зақымдалған. Ол дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты.
    Апат бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнетаспада ер адам жолдан өтіп бара жатып жүрегі ұстап қалғаны анық байқалады. Жүргіншілерге арналған жолдың жартысын өткеннен кейін ол тізерлеп отырып қалып, кейін асфальтқа құлаған. Жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқан көлік оны басып өтіп қана қоймай, бірнеше метр жерге дейін тоқтамай сүйреген.
    Белгілі болғандай, жүргізуші қыздың күйеуі бірнеше уақыттан кейін оқиға орнына келіп, жоғалған номерді іздейді де апат болған жерді бақылайды. Бірақ ер азамат жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырмаған. Қыз тергеушілерге адамды қағып, сүйреп кеткенін білмейтінін айтты. Ол жолда үлкен сөмке жатты деп ойлапты.
    Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Гоада балаларды құтқармақ болған қазақстандық қаза тапты
  • Жүргенов атындағы өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты
  • Кісі тонаушы 2 жылдан соң сот алдына келді
  • Жоғалған балалар котлованнан табылды
  • Мас жүргізуші айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге