Есірткі сатумен айналысқан аспаз ұсталды

28 жастағы ақтөбелік аспаз есірткі сатумен айналысқан. Тәркіленген есірткі марихуананың жалпы салмағы 1 келіден асады.

kerekinfoaktobe@gmail .com

Ақтөбелік полицейлер есірткі сатумен айналысқан  тұрғынды ұстады. 28 жастағы жігіт мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Жеке тексеру кезінде одан марихуана, есіртік затына ұқсас 8 түйін табылып, тәркіленген. Мейрамхананы тінту барысында ұсталған адамнан 15 полиэтиленге оралған есіртік заты табылды. Сонымен қатар, аспаздың тұратын жерінен ішінде жасыл түсті өсімдік тектсс  заттың 33 түйіні бар пакет табылған. Тәркіленген есірткі марихуананың жалпы салмағы 1 келіден асады. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және заңсыз сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі және ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі терге жүргізілуде.

 

Құқық
09:45, 01 сентябрь 2022
1 145
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив