Ақтөбелік әйел 6 млн теңгесін алаяққа беріп, алданып қалды
Ақтөбелік әйел 6 млн теңге ақшасын алаяққа беріп, алданып қалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
55 жастағы әйелдің ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалады. Өзін қаржы ұйымының қызметкерімін деп таныстырған ол инвестициядан ақша табуды ұсынған. Жәбірленуші әйел ұялы телефондағы қосымша арқылы көрсетілген шотқа 6,7 млн теңге ақша салып жіберген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Қазіргі таңда күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға төмендегі ережелерді қатаң сақтауға кеңес береді:
-ешқандай сандарды, кодтық сөздерді және парольдерді бөгде адамдарға беруге болмайды;
-қоңырау шалушының сөзімен ешқандай инвестициялық, банктік және басқа да қаржылық әрекеттерді орындамаңыз.