Телефон алмақ болған ақтөбелік бойжеткен алданып қалды

Ақтөбеде тиімді бағада телефон алмақ болған тұрғын 210 мың теңгесінен айырылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Полицияға 22 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның сөзінше, белгісіз адам Instagram әлеуметтік желісінде "IPhone" маркілі ұялы телефонды сату туралы хабарландыру жариялаған. Парақшадағы жеңілдіктер мен тиімді бағаға алданған қыз 210 мың теңгесін жібереді. Күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, өз шотын бұғаттапты. Жәбірленуші ақшасын да, ұялы телефонды да қайтара алмаған. Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады.


Әлеумет
14:19, 28 сентябрь 2023
1 025
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив