Ақтөбеде баспана бір жылда 25 пайызға қымбаттаған

 ҚР Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруін жариялады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 13 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 14 пайызға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда биыл 33,8 пайызға артқан.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасы едәуір өскен өңірлердің көш басында Ақтөбе облысы тұр. Нақтырақ айтсақ, жаңа үйлерді сату бір жылдың ішінде 25,4 пайызға шарықтап кеткен.

Сонымен қатар, пәтерлерді қайта сату бойынша да өңірде бағаның көтерілгені байқалады. Осылайша, Ақтөбе Семей мен Қызылордадан кейінгі алғашқы үштікке жайғасқан.


Әлеумет
11:30, 10 март 2023
1 080
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив