Ақтөбелік тұрғын алаяққа сеніп, 17 млн теңгесінен айырылып қалды
Ақтөбеде 55 жастағы ер адам алаяқтың сөзіне сеніп, 17 млн теңгесінен айрылып қалған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбеде полицияға 55 жастағы ер адам шағым түсірген. Айтуынша, белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. “Банк қызметкері” депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме өскенін айтып, телефонға келетін sms кодты хабарлауын сұраған. Полицияның дерегінше, ол бірнеше күн ішінде алаяқтарға бірнеше миллион теңге аударған. Нәтижесінде жәбірленуші 17 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда күдікті адам ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.