Есет батыр Көтібарұлы

Еліміздің тарихында ерлігімен өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың бірі - батыр, әрі би Есет Көтібарұлы. Батырдың өмірі, ол басқарған ұлт-азаттық көтеріліс тарихы туралы біраз еңбектер, зерттеулер баршылық. Дегенмен де, өкінішке орай, сол еңбектерде Есет батыр Көтібарұлының туған жылы туралы әр түрлі пікірлер айтылып нақты дәлелдейтін дерек әлі де келтірілген жоқ. Мысалы, Есет батыр Көтібарұлы жайындағы деректер мен зерттеулерге шолу жасаған «Алаш» тарихи – зерттеу орталығы, «Қазақ ру-тайпаларының тарихы», Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей). Т. 13-2 кітап, Алматы 2010. Осы кітаптың, Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған VIII-тарауының, 2-ші бөлімінің «Есет Көтібарұлының шығу тегі» 286-287 беттерінде: «Ал Есет батырдың туған жылын нақты көрсететін дерек көз әлі табыла қойған жоқ. В. Шахматовтың 1946 жылы шыққан мақаласында Есет Көтібарұлы 1807 жылы дүниеге келген деп көрсетілген. Алайда зерттеуші батырдың туған жылы дәл осы деп айтатындай айғақ келтірмейді. Осы дата кейін жарық көрген Қазақ Совет және Қазақ Ұлттық энциклопедияларына негіз болады... Соңғы 20 жыл көлемінде ұлттық тұлғаларымыздың тарихын зерттеумен айналысып жүрген З. Байдосұлы жоғарыда келтірілген датамен келіспей, батырдың туған жылын 1803 жыл деп негіздейді. Зерттеуші өзінің бұл пікірін; «Әрине, архивтік құжаттарда, оның жеке ісінде Есеттің туған жылын айғақтай айтпайды. Қазақ туған жыл, туған күн деген мерзімді белгілеп, ол жайлы құжат жасамаған. Әркім өз жасын «бір мүшел», «екі мүшел» т. б. мүшелдей отырып анықтаған. Оның үстіне 1858 жылдың қарашасында шыққан әлгі «...Художественный листоктағы «Би Есет Көтібаров» деген мақала батырдың көзі тірісінің кезінде жазылған бірден-бір мақала. Егер ол қате болса, сол замандағы қазақ елінің, соның ішінде Есет Көтібарұлы бастаған қозғалыс барысында жазған А. Добрасмыслов, Л. Мейер, т. б. өз пікірлерін ұсынған болар еді. Оған қосымша әйгілі «Айман-Шолпан» жырында Есеттің 7 жасар балалық шағы анықталды.Осы жырдың негізі болған екі ел арасындағы тартыс 1809-1810 жылдар арасында болған. Олай болса, Есет Көтібаровтың туған жылы 1803 жыл деп болжам айтудың негізі бар сықылды».-деп топшылайды. Көріп отырғанымыздай, зерттеуші З. Байдосұлы да өзінің бұл пікірін болжам ретінде бағалайды. Сондықтан да қаралып отырған мәселеге қатысты айтарымыз, Есет Көтібарұлының туған жылы әлі нақты белгіленбеген, оны анық көрсететіндей біздің қолымызда деректер жоқ. Жоғарыдағы айтылған пікірлерді саралай келе, біз батырдың туған жылы 1800-1810 жылдар арасы болуы керек деп қана жорамалдаймыз» - дейді зерттеушілер. Бұл пікірдің дұрыстығын төмендегі авторлардың еңбектерінен де байқауға болады.

Айта кетейік, өңірімізде шыққан Ақтөбе энциклопедия.Ақтөбе,2001ж. және Шалқар энциклопедиясы. Шалқар 2009ж. басылымдарында Есет батырдың туған жылын 1803 жыл деп көрсетеді.

 Зерттеуші А. И. Добросмыслов (1854-1915) «Тургайская область, Исторический очерк» деген еңбегі 1902 жылы жарық көрген, бертінде қайтадан басылып шыққан  Добросмыслов А. И. «Тургайская область исторический очерк» Ақтобе-2010, атты еңбектің 522-бетінде: «Есет Кутебаров (Исет) (1807- после 1883) – батыр, бий рода шекты Младшего жуза, сын батыра Кутебара Басянова, убитого в 1833 г. казахами рода жағалбайлы....) деп өз пікірін ұсынады. Біздің ойымызша, В. Шахматов А. И. Добросмысловтың осы дерегіне сүйеніп Есет батырдың туған жылы 1807 жыл деп көрсетіп отыр.

 Ғалымдар Д. К. Әбенов, С. С. Мұхтаров өздерінің «Ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері» Ақтөбе 2006 ж. атты еңбектерінің 16-17 беттерінде: «...Осы жерде Есет Көтібарұлының да туған жылына байланысты анықтай кететін жайт бар, соңғы кездегі зерттеулерде батырдың туған жылы 1803 жыл делініп жүр. Бұл деректі алғаш айтушы ғалым З. Байдосов өз тұжырымын 1858 жылы Санкт-Петербургтен шығатын «Русский художественный листокта» жарық көрген белгісіз автордың «Би Исет Кутибаров» мақаласындағы батыр туралы: «...лет 55, высокого роста...» деген мәліметпен негіздейді. Алайда бұл жерде белгісіз автордың «55 жаста» деп емес, «55 жастар шамасында» деп нақты емес болжам айтып тұрғаны ескерілуі керек. Себебі Есет Көтібарұлының туған жылы туралы жазған белгілі ғалым В. Ф. Шахматовтың 1946 жылғы «Есет Көтібаров» атты арнаулы мақаласында, Қазақ Кеңес энциклопедиясында батырдың туған жылы 1807 жылы деп берілген. Есет Көтібарұлы басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыста «Жем бойында» атты тарихи романына арқау еткен ақсақал жазушы Ғалым Ахмедов те осы деректі қолдайды. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ж. Асанов соңғы деректің құндылығын Есет Көтібарұлының қос немересі, бүкіл Қазақстанға атағы жайылған азаматтар Т. Бәсенов пен Н. Жақсыбаевтардың көзі тірісінде жарияланғандығымен байланыстырып, құлаққа кіретін пікір айтады. Ал, ел аузындағы ескі әңгімелерге құлақ түрсек, олар да Есет пен Қарағұлдың құрдастығына байланысты ғажап хикаяттарды алға тартады. Бұл туралы ел пікірі «Ақтөбе» газетінде жарық көрген «Халық жадындағы Қарағұл батыр» атты көлемді мақалада баяндалған болатын. Сондықтан, бұл жерде тасқа жазылған жазуынан гөрі керемет дамыған жады, ауыз әдебиеті арқылы ғасырлар қойнауынан тарихын келер ұрпаққа табыстаған халқымыздың осы ерекшелігін ескере отырып, Есет Көтібарұлының туған жылы 1807 жыл деген деректі қолдайтынымызды айтамыз. Қарағұл 1806 жылы туған болса, бұл екеуінің құрдастығын қазақтың арадағы бір жасты бөлмейтіндігіне сайған жөн» - деп тұжырым жасайды авторлар.

 Есет Көтібарұлының бет-бейнесін бір жылдай ізденіп,зерттеп, портретін салған Ж. Асарбаевтың Айшуақ орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінің «Есеттің суреті болған ба?» «Ақтөбе» газеті 1993 жылы 13 ақпан қүні шыққан мақаласында: «Екіншісі - 1859 жылы қазақ депутацияның құрамында, Санкт-Петербургқа барған сапарында, он адам болып түскен суреті. Сол отырған он адамның рет санымен (сол жақтан) үшіншісін «Біи Исеть Кутибаровь» - деп көрсеткен. Бұл суретті «Всемирная иллюстрация» журналы алғаш рет жарияласа, оның фотокөшірмесін архивтен түсіріп алып «Қазақстан әйелдері» журналына жариялаған да З. Байдосов болатын.

Ол көшірме сурет қазір менде. Сол суреттің негізінде Есеттің бет-бейнесінің бірнеше нұсқасын жасағанмын. Бірақ өз жұмысыма өзім қанағаттанбадым. Себебі бұл бет-бейнеден мен көз алдыма елестеткен Есетті көре алмадым. Егер фотокөшірмеге жүгінсек сол кезде, яғни. 1859 жылы Есет 56 жаста болуы керек десек, бұл адамға 40-45 жастан артық бере алмайсыз. Мүмкін түпнұсқада (архивтегі суретте) бір қателік кетпеді ме екен деген де күдік жоқ емес» - дейді.

Көріп отырсыздар, жоғарыдағы пікірлердің барлығы да Есет батырдың 1803 жылы туды дегенге күмәнмен қарап сенімсіздік білдіріп отыр.

Ал енді, Есет батырдың туған жылын растайтын, айғақты дерек көз мына басылымда табылды. Еліміздегі «Мәдени мұра» аясында қолымызға тиген «История Казахстана в Русских Источниках ХVI-ХХ веков». VIII том, часть 2. О почетнейших и влиятельнейших ордынцев. Алматы «Дайк-Пресс 2006. 199-200 бетерінде: «1852 г., апреля 15, - Рапорт писмоводителя при правителе Средней части оренбургских казахов, коллежского секретаря К. Ф. Груздь председателю Оренбургской пограничной комиссии М. В. Ладыженскому

№1

Согласно предписанию вашего превосходительства составив список влиятельнейшим и почетнейшим ордынцам Средней части орды при сем имею честь представить к вашему превосходительству и докладываю, что по незнанию мною татарского языка я встретил весьма большое затруднение при собрании сведений об уме, способности и образовании ордынцев и потому большею частью и должен был основываться об этом ордынцев, знаюших русский язык.

Коллежский секретарь Груздь.(1)

ЦГА РК.Ф.И-4.Оп.1.Д.2512.Л.271.Подлинник.

Приложение. Список почетнейшим влиятельнейшим ордынцам Средней части орды.

  1. Кутебаров Исет, батырь, бий, сын батыря и бия Кутебара, от роду 43 года. Высокий, стройный мужчина с продолговатым румяным лицом, умеренным лбом, длинным орлиным носом, с серыми небольшими глазами, редкими ресницами, с небольшою русою бородою и усами. Глядя на него(Оған қарап-автор.), нельзя подозревать в нем той отчаянной храбрости и решительности в трудных делах, которыми он всегда отличается между ордынцами. Судя по его физиономии (кескініне, бет әлпетіне қарап байқағаным-авт.) скорее можно сказать, что это человек самый добрейший и совестливейший. Чиклинского рода, кабаково отделения, карабашево подотделения. Употребляет печать именную. Место кочевания: летнее – по рекам Чит-Иргиз, Орь и вершинам рек Эмба и Тау; зимнее – Бурсуки или Донгузлау. Имеет трех жен, десять сыновей и шесть дочерей. Состояние весьма хорошего. Степень природного ума и способности весьма хороших, образование порядочного, характера решительного. Нося звание батыря, столь уважаемое ордынцами, пользуется весьма большим влиянием не только на своих одноотделенцев, но и на весь чиклинский род. После нескольких неблоговидных покушений, весьма неудавшихся ему, в настоящее время в полной мере предан правительству. Был неоднократно изобличаем в неблагонамеренных поступках, но по милости прощен» - деп таңбаланған. Құжатта Есет батырмен бірге тізімде 16 адамның өмірінен мәлімет берілген, бұл деректердің құндылығын, мойындаған  жөн. Солардың ішінде батырдың туыс, жақындары:  

«...4. Кулекенов Каракул, бий сын бия Кулекена, 43 лет. Среднего росту, здорового телосложения, с круглым смуглым лицом, широким лбом, умеренным носом, с черными глазами, густыми нависшими бровями, с длинною черною широкою бородою и усами. Чиклинского рода, тлявова отделения, тангрыберганова подотделения. Употребляет именную печать. Место кочевание: летнее – по вершинах р. Эмба, на месте называемом Карачандак. Имеет двух жен, 9 сыновей и 5 дочерей...

  1. Утаралиев Нияз, бий, управляющий Кабаковым отделением, сын бия, Утаралия, 39 лет. Среднего росту, мужчина с полным смуглым лицом, обыкновенным лбом, продолговатым носом, с черными глазами, с густыми черными бровями и ресницами, с черною бородою и усами. Чиклинского рода, кабаково отделения, калибекова подотделения. Употребляет именную печать. Место кочевание: летнее – по вершинам р. Орь; зимнее – на месте называемым Улу – Бурсук. Имеет одну жену, четырех сыновей и двух дочерей,,,»-деп жазылғанды назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Осы дерек «Алаш» тарихи - зерттеу орталығы, 13 том, 2-кітап, Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей) 496-бетінде де берілген.

Есет батыр туралы тағы бір дерек, мына басылымда Комитет культуры Республики Казахстана. История и культура Арала-Каспия. Сборник статей, Вып.1. Алматы; Құс жолы, 2001 жыл. 155-бетінде: «Колоритная личность батыра Есета неоднократно привлекало внимание его современников. Интересен. например, такой пассаж из работы фон-Шульца: «...Здесь (между Мугоджарами и оз. Шалкар - С.А.) посетил нас человек, игравший некогдо немаловажную роль в истории киргизской степи, это был чиклинский (шектинский - С.А). Батыр Исет Кутибаров, - в своем роде Шамиль степи,-ибо только после 20-летней борьбы, с 1838 года по 1858 год, он подчинился нашей власти, Это бодрый старик лет 70, с умным энергичным лицом,-рост и сложение великана. Он приехал повидаться со мной верст за 60, из долины Кауыльджура, где было ныне его кочевье. Доказательством, как быстро слухи распространяются по степи и как следят за всем в ней пройсходящим, служат его слова, что он еще до моего выступления из Оренбурга знал, что я пройду по его местности, и уже давно знал о дне моего выступления как из Оренбурга, так и из Актюбинска и потому уже четыре дня его посланные меня караулили. Он конечно в совершенстве знал всю степь и окончательно нас успокоил (о безопасности пути - С.А.). Много полезных сведений я от него почерпнул и потому очень был рад этой встрече ...» - дейді. фон-Шульц. К. К. Некоторые результаты нивеллировачных исследований, пройзведенных между Оренбургом, Аральским морем и Кара-Тугаем./ /Зап. РГО. По обшей географии. 1882. Т. ХII. №3.

Байқап қарасаңыз, фон-Шульц Есет Көтібарұлының жасын шамамен 70 жаста деп айтады. Жобалап айтса да дәл айтқан. Себебі бұл кездесу 1880 жылы июль айының ортасында болған еді.

Қорыта айтқанда, біріншіден, аталған соны деректерден писмоводитель Груздь 1852 жылы ел аралап, Кіші жүздің Орта бөлігін жайлайтын ру-тайпалардың игі жақсыларын арнайы іздеп барып, танысып, олар туралы мәлімет жазып алған, солардың ішінде алғашқы - бірінші адамы Есет Көтібарұлымен кездесіп, орысша білетін тілмаш қазақтар арқылы өз аузынан 43 жаста - «от роду 43 года» деп жазып алған. Олай болса, бұған дейінгі біз айтып жүрген Есет батырдың 1803 жылы немесе 1807 жылы туғаны болжам, жорамал болып келеді. Есет батырдың 1809 жылы туылғандығы анықталып отыр. Бұл бұлтартпастай тарихи дерек көз.  

Екіншіден, Есет Көтібарұлы 1852 жылы 43 жаста болса, 1809 жылы туғаны  туралы тарихи дерекпен дәлелденген ақпаратты бір жүйеге келтіретін уақыты келді.

 

 

Мухамбетулин. А. өлкетанушы

 

Әлеумет
10:30, 13 июль 2022
3 179
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив