Хабарлама

 Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына, Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы №505 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164890 болып тіркелген) қаулысына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы №578 «Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7372 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Ақтөбе қалалық

мәслихатының төрайымы                                                           А.Даржанова


                                                                             Хабарлама

                                                  Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2023 жылдың       4 мамырында сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимаратында (Т.Ахтанов көшесі,50, №31каб) Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды.


Ақтөбе қалалық мәслихатының

шешімінің жобасына 2 қосымша

 Ақтөбе қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны,теңге

1

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

417

2

Жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

450

3

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м3

2489,14


Әлеумет
11:40, 28 апрель 2023
513
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив