Жолда жарнаманы қалай орналастыруға болады
Қазіргі жүргізушілер мен жолаушылар автомобильмен немесе қоғамдық көлікпен жүру кезінде жол бойындағы билбордтарды көруге бұрыннан үйренген. Жарнама – бизнесті ілгерілету және өз қызметіне назар аударту үшін арналған құрал.
Ақтөбе қаласының аумағында автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісуді «Ақтөбе қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көрсетеді. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №371 бұйрығымен бекітілген халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Жол бойындағы жарнама объектілерін орналастыруға келісім алу үшін жеке және заңды тұлғалар жолдың атауын, мекенжайын, мөлшерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы өтінім беруге тиіс. Өтінішке құжат эскизінің электрондық көшірмесі қоса берілсін.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу 1 жыл мерзімге 5 жұмыс күні ішінде беріледі .
Сыртқы жарнама объектілерін тиісті құжаттаманы ресімдеусіз және келісусіз орналастыруға жол берілмейді.
Қосымша ақпараттарды алу үшін Тургенев көшесі, 98/5 мекен-жайы орналасқан «Ақтөбе қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не дүйсенбі-жұма, 9:00 ден 18:30 аралығында жолығуға болады.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру
және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі