Ақтөбе қаласында «Ақтөбе кондитер фабрикасы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «Ақтөбе кондитер фабрикасы» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарды беру қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімін қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.

 Жария тыңдау 2023 жылғы 9 наурыз сағат 11:00-де жергілікті уақытпен Ақтөбе қ., Ә. Молдағұлова даңғылы, 46, 401 кеңсе мекенжайда өткізілетін болады.

 Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қол жетімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау параллелді түрде Департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде де өтеді http://www.facebook.com/100015441583508.

Бұл ретте, әрбір тұтынушы онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.

 Қосымша сұрақтар (материалдар) бойынша Департаментке мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7132) 97-29-76.

«Ақтөбе кондитер фабрикасы» ЖШС-ның байланыс телефоны: 8 (7132) 50-76-50.


Әлеумет
12:30, 03 март 2023
2 146
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив