Ақтөбелік әке балаларына 5 миллион теңге қарыз

 Ақтөбе облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 415 адам бар. Соның ішінде бір ғана әкенің балаларына қарызы 5 миллионға жуықтап қалған. Бұл туралы жеке сот орындаушысы Гүлдана Базарбаева мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Гүлдана Базарбаеваның айтуынша, алиментке арыз беру үшін ерлі-зайыптылардың ажырасу, ажыраспауы маңызды емес. Кез-келген уақытта алимент алуға құқығы бар адам борышкердің тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген сотқа жүгіне алады.

Егер алименті төлеу туралы келісім болмаса, кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сот арқылы төлетеді. Егер борышкер азамат жұмыссыз болса, онда алиментті ата-ана табысынан өндіріледі. Ол үшін сот шешімі қажет.

 Ажырасқан адамдар алимент өндіру үшін міндетті түрде заңды некеде болуы шарт емес.

-Алимент бұл бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті. Сондықтан, әке алимент төлеуден бас тарта алмайды. Бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының төрттен бір бөлігін, екі балаға үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға ата-анасының табысының жартысын төлейді,-дейді сот орындаушысы.

Егер, әкесі баласы алдындағы қарызын төлемей жүрсе, онда борышкер әкімшілік жауапкершілікке, қылмыстық жазаға тартылады. Ақтөбе қаласы бойынша жыл басталғалы 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 43 борышкерге айыппұл салынған. 46 борышкер 5 тәулікке дейін қамаққа алынған. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 борышкерге қылмыстық қудалау органдарына ұсыныс жолданған.

Алименттің ең көп таралған түрі – баланы асырауға төленетін төлемдер. Сондай-ақ, балалардың анасына, өзін асырай алмайтын зайыбына және ересек адамның өз ата-анасына төлейтін алимент те бар. Сонымен қатар, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Ата-ана баласынан алимент өндіре алады. Оған зейнет жасына жеткен,жазатайым оқиғадан жұмысқа қабілетсіз болып қалған сияқты себеп болуы мүмкін. Ақтөбеде мұндай 2 жағдай тіркелген.

Жеке сот орындаушысы Гүлдана Базарбаева Ақтөбеде балаларына берешегі көп борышкердің қарызы 4-5 миллион теңге көлемінде екенін айтты.

Ақтөбе қаласында 2019 жылы алимент бойынша арнайы кеңсе құрылған. Қазіргі таңда кеңседе 15 сот орындаушысы қала бойынша жұмыс жасайды. Сондай-ақ, аталған кеңсе барлық аудандарда да жұмыс істейді. Неке (Ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 77 бабының 2 тармағына сәйкес, ата-ана құқығынан айырылу ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен босатпайды. Бұл міндет тек оны асырап алуға байланысты тоқтатылады. Сол себепті ата-ана құқығынан айырылған әке де алимент төлейді.

Айта кетейік, былтыр сот орындаушылары борышкерлерден 208 590 419 тенге алимент өндірген.







Әлеумет
10:30, 24 март 2023
1 356
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив