Өгей әкесі өлімші етті

    Өгей әкесі өлімші етті

    Өгей әкесі басынан балтамен ұрған 11 жастағы қыз бала хал үстінде жатыр. Бұл жантүршігерлік оқиға Ақтөбеде наурыздың 9-ы күні болған.

    Есет батыр көшесіндегі 122 үйдің тұрғындары наурыздың 9-ы күні таңғы сағат 9-дар шамасында қыз баланың шыңғырған дауысын естігендерін айтады. “Керек.info” тілшісімен сөйлескен №122 үйдің тұрғындары аты-жөндерін атағысы келмеді. Көпшілігі қызын балтамен ұрған азаматты да, оның отбасын да жақсы танымайды. Отбасының бұл үйге көшіп келгеніне 3 ай болған.
    -Әлі танысып үлгергеніміз жоқ. Бірақ, үй иесінің әйелі үсті-басы көкала болып, қолын таңып алып жүргенін көргенім бар. Осы оқиғадан бірер күн бұрын пәтерге қарай тартылған проводтардың бәрі қиылып жатқанын көрдім- дейді көршілерінің бірі.
    Бізге белгілісі, өгей әкесінен зәбір көрген қыз баланың жасы 11-де. Ақтөбедегі №24 мектептің оқушысы. Мектеп директоры Сара Қыстаубаеваның айтуынша, оқушының сабақ үлгерімі мен тәртібі жақсы. Қыздың анасын да мектеп басшысы жақсы жағынан сипаттап отыр. Әкесі жөнінде ештеңе білмейтінін айтты. Өйткені, ол мектеп табалдырығын бірде-бір аттап көрмеген.
    Бұл отбасының Ақтөбеге осыдан үш ай бұрын Ақтау қаласынан көшіп келгендігін №24 мектептің директоры Сара Қыстаубаева да жоққа шығармады. 11 жастағы оқушы қыз қазір Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реанимациясында ес-түссіз жатыр. Баланың басында ауыр жарақаттың бар екендігін дәрігерлер де растап отыр. Күрделі операция жасалған. Науқастың халі не боларын алдын-ала болжаудың өзі қиын –дейді мамандар.

    Нұрлан ҚОЖИН, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
    -Баланың бас миына зақым келген. Әзірше өздігінен демалып жатыр. Бірақ ес-түссіз күйде. Комаға кетуі әбден мүмкін. Баланың өмірі үшін барымызды салып тырысып жатырмыз. Операция жасалды. Жағдайы ауыр.
    Оқиға куәгерлері үй иесін сол күні полиция тұтқындағанын көрген. Оның жасы 33-те. Көршілердің айтуынша, жас отбасының 11 жастағы қыздарынан бөлек тағы 2 баласы бар. Тетелес сәбилердің бірі 1 жастан, екіншісі 2 жастан енді ғана асқан.
    Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған тұлғаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
    - Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар күдіктіні қолға түсіріп, уақытша қамау изоляторына қамауға алды. Сондай-ақ, бірқатар сараптама тағайындалды,- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин. Айта кетейік, мұндай жағдай Ақтөбеде осымен екінші рет болып отыр. Бұған дейін дәл осындай оқиға былтыр желтоқсан айында Хромтау қаласында тіркелген болатын. 44 жастағы ер адам қызы мен әйелін балталап, өзі үйдің бесінші қабатынан секіріп кетті. Әкесі басынан балтамен ұрған қыз сол жерде қайтыс болды. Ол оқиғада да зардап шегушінің жасы 11-де болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кеңқияқта тұрғын үйдің терезесіне оқ атылды
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Жоғалған балалар котлованнан табылды
  • Айнашқа көмек қажет
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге