Ырғызда екі басты бұзау туды
Ырғыз ауданының Нұра ауылында сиыр екі басты бұзау туды.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Керек.info газетінің тілшісі Нұра ауылының тұрғыны, бұзау иесі Қайсар Шаргеновке хабарласқан еді. Сиыр 10 наурыздан 11 наурызға қараған түні туған. Осымен алтыншы рет бұзаулаған. Бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Қайсар Шаргенов екі басты бұзауды алғаш рет көргенде таңырқағанын жеткізді. Айтуынша, бір күн жатып, өліп қалған. Енесін еміп те үлгермеген.
- Басы қосарланып туылған бұзауды көргенде бәріміз таңқалдық. Көршілер де көрді. Бір күн жатып, өліп қалды. Мал дәрігеріне бұзау өліп қалғаннан кейін барып айттым,-дейді ауыл тұрғыны.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить