Ақтөбеде 275 бала пневмониямен ауырған
Ақтөбеде 275 бала пневмониямен ауырған
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста 367 науқас пневмониямен ауырып ем алуда. Оның 275-і 14 жасқа дейінгі бала. Ал облыстағы фтизиопульмонологиялық орталықта өкпе қабынуы ауруымен ауырғандар саны едәуір азайған. Бұрын туберкулезге шалдыққан саны 16 мыңнан асатын болса, қазір бес жүздей науқас ем алуда.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбе облысы Қазақстандағы туберкулездің көрсеткіші бойынша соңғы орындарда тұр. Бұл дегеніміз 100 мың адамға шаққандағы 20 адам ауыратын болса, төменгі көрсеткіш халыққа қауіпсіз болып есептеледі. Облыстағы фтизиопульмонологиялық орталықта өкпе қабынуы ауруымен ауырғандар саны едәуір азайған. Бұрын туберкулезге шалдыққан саны 16 мыңнан асатын болса, қазір бес жүздей науқас ем алуда. Орталықта білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов мәлімет берді.
- Фтизиопульмонология орталығы болып құрылғанына 7 жылдай уақыт болды. Орталықта білікті мамандар жұмыс істейді. Олар бірнеше мамандықты қатар алып жүреді. Өкпенің туберкулезін емдейтін фтизиатр, пульмонолог, рентгенолог маманы болу керек. Бас дәрігер болып қызметте жүргеніме 13 жыл болды. Осы жылдар аралығында жүзден аса маманды жұмыспен қамтыдық. Біздің орталыққа түскен науқастар тек өкпе ауруымен келмейді. Қосалқы аурулармен де түсіп жатады. 7-8 ауруы бар қауіпті топтың науқастары да келеді. Сондықтан кардиохирург, пульмонолог, анезтизолог, реаниматолог, транфузиолог, лор, кардиолог, эндикринолог, педиатр сынды арнайы мамандарымыз бар,-деді фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов.
Бас дәрігердің айтуынша пульмонология орталығы тәулік бойына жұмыс істейді. Науқастарға арналған 32 керует, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған. Науқастарға жағдай жасалған.
- Науқастардың дерті анықталғанда дереу алдын-алып емделсе, ауру асқынбайды. Ауруды сатысына қарап қажетті ем қолдану керек. Өкпе қуыс дерті екі сатыдан тұрады. Бірінші күнделікті функциональды тыныс жолдарының бітелуі. Созылмалы бронхит, өкпе тыныс жолдарының қысылуы, ауа жетіспеуі, түнде тыныс алудың күрт өзгеруі болған жағдайда оттегі аппаратына қосу керек болады. Орталықта жасанды ИВЛ аппараттары бар. Әр керуеттің басында оттегі беретін орталық аппараты 1 минутта 50-55 литр оттегі береді. Екінші сатысы өкпе қуысы дертінің хирургиясы. Бұл жерде ота жасау арқылы ем жүргізіледі. Өкпенің өзінде әртүрлі ісіктер болады. Өкпе тіндерінің қанауы болады. Өкпе тіндерінің тері асты жыртылып, ауа жиналып қалады. Содан кейін өкпеден қан түкіру болады. Үлкен және кіші қанайылым жүйесі арқылы қан дұрыс айналмаса, түрлі ауруға шалдығады. Ондай жағдайда өкпенің қанаған жеріне локатр қойылады. Локатрдан адамның денсаулығына қауіп келмейді. Соңғы 10 жылдықпен салыстырғанда туберкулезге шалдыққан науқастар саны 16 мыңна асатын болса, қазіргі таңда 500 дей науқас емделуде. Оның 107 өкпеден тыс туберкулезбен ауыратындар. Бұндай науқастар ауруханада жатып ем қабылдауды қажет етпейді. Адамға жұқпайды. Амбулаторлы емдеуге болады. Егер адамда жұғатын туберкулез анықталатын болса, науқас ауруханада ем алады,-деді бас дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, науқастар орталықтан емделіп шыққан соң, арнайы мамандардың бақылауында болады. Олар оңалту орталықтарында 8 ай көлемінде емдерін жалғастырады.
- Орталықтан емделіп шыққан, отадан кейінгі науқастарды Шағала оңалту орталығына жібереміз. Санаторийде туберкулездің жұқпайтын белсенді шектелген түрін, сонымен қатар алғаш анықталған туберкулезде, ауру жұқтырғандармен науқастармен тубқатынаста болғандарға профилактика жүргізіледі. Облыста өкпе қуысы дертіне шалдыққан науқастарға амбулаторлық, стационарлық, профилактикалық, оңалту емдері жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл дегеніміз өкпе ауруының қауіпті тобының санын азайтады. Кез-келген адам біздің орталықтағы пульмонологтарға келіп тексерілуге болады. Туберкулезге шалдыққан немесе туберкулезге апаратын арулармен ауыратын науқастарға барлығы тегін. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильді топтар жұмыс істейді. Психолог, дәрігер, мейірбеке мобильді топ науқастың үйіне барады. Қажетті дәрі-дәрмектерін береді,-дейді бас дәрігер.
Қазіргі экология жағдайына байланысты өкпенің созылмалы қабынуы адамдарда жиі кездеседі. Аурудың алдын-алу үшін пульмонолог дәрігер қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді.
- Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балаларда кең тараған. Оған бірден бір себеп ауаның лас болуы. Түрлі кәсіпорындар, зауыттардың ауаға бөліп жатқан газдары. Автокөліктің газдары, үй жағдайында ауаның ластануы көптеген факторлар әсер етеді. Адамның иммунитеті әлсіз болса, ауру жұқтыруға бейім болады. Сол үшін күнделікті тазалықты сақтап жүру керек. Табиғи таза өнімдермен тамақтанып, таза ауада серуендеуді әдетке айналдырған жөн. Күйзелістен аулақ болу керек,-дейді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, пульмонолог Ерлан Нұрдәулетұлы.
Пульмонология бөлімі созылмалы өкпе аурулары бар, тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігімен, асқынған пневмониямен ауыратын науқастарды емдейді.
- Біздің пульмонология бөлімінде ересек адамдар ем алады. Емдеу ұзақтығы 7-14 күн аралығы. Қазір бөлімшеде 20 науқас ем алып жатыр. Науқасты дұрыс емдеу біз үшін өте маңызды. Өйткені дерттің асқынған түрі адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Өкпе ауруының алды-алу үшін БЦЖ екпесін жаңа туған нәрестеге перзентханада салынады. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда береді. Қайта вакцинациялау манту теріс реакциясы және қарсы көрсетілімдер болмаған кезде 6-7 жаста балаларға салынады. Барлық ересектер мен жасөспірімдер 15 жастан бастап жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуі қажет. Қазіргі уақытта көпшілік теріс пікір білдіріп, екпеден бас тартады. Ол дұрыс емес. Ата-ана бірінші баланың денсаулығын, болашағын ойлау керек. Екпе алған балалар ауырған жағдайда, ауруы қалыпты жағдайда өтеді, асқыну болмайды. 13 жылдан бері осы қызметте жұмыс істеймін. Осы жалдар аралағында талай жанның өміріне араша түсіп, үміт сыйладым,-дейді фтизатр, пульмонолог Ерлан Нұрдәулетұлы.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста 367 науқас пневмониямен ауырып ем алуда. Оның 275-і 14 жасқа дейінгі бала.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі ол - Вакцинация.
ЖРВИ, тұмау профилактикасы:
- вакцинация;
- өзін-өзі емдемей, дәрігерді үйге шақырту қажет;
- қоғамдық жерлерде маска қолдану қажет;
- таза ауада жиі серуендеу, саябақтарда жүру, тыныс – алуды реттеу, өкпенің вентиляциясын жоғарылатады, қан айналым жүйесін жақсартады;
- жеке бас гигиенасын сақтау;
- бөлмені жиі желдетіп тұру;
- тамақтану барысында дәруменге бай өнімдерді тұтыну;
- дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде жасап тұру.