Ақтөбеде 4 нәресте іріңді септикалық инфекциямен ауырған

Ақтөбеде  жаңа туған нәрестелер арасында іріңді септикалық инфекциямен 4 бала ауырған. Мұндай инфекция негізінен анасынан жатырында жатқанда жұғады. Бұл туралы Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде жыл басынан бері  жаңа туған нәрестелер арасында іріңді-септикалық инфекцияның 4 жағдайы тіркелген. Оның үшеуі жатырішілік пневмония болса, біреуі- терінің оқшауланған инфекциясы.

Мамандардың айтуынша, бұл- жатырдағы нәрестеде және жаңа туылған балада болатын инфекциялық қабыну. Негізінен басым бөлігі, анасының  жатырында жатқанда жұғады. Нәрестенің анасы жүкті кезінде баспамен, несептік-жыныстық аурулармен (эндометрит, кольпит, пиелонефрит т.б) ауырып, дұрыс емделмеген жағдайда пайда болады. Сонымен қатар, нәрестені күту, жеке бас гигиенасын сақтамау инфекцияның пайда болуына әсер етеді. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өткен жылдың 7 айында жаңа туған нәрестелер арасында  іріңді-септикалық инфекцияның 5 жағдайы тіркелген.


 

Әлеумет
12:00, 02 сентябрь 2022
955
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив