Ақтөбелік оқушылардың омыртқалары қисайып барады

 Ақтөбеде сколиоз ауруы 2,8 есеге өскен. Омыртқаның патологиялық қисаюы, әсіресе, мектеп оқушылары арасында көп кездеседі. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Лаура Ршауова мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

Лаура Ршауованың айтуынша, сколиоз-омыртқаның патологиялық қисаюы. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы балалар арасында өте кең таралған ауру. Балаларда дене тұлғасының бұзылуы қарқынды өсуі кезеңінде жиі байқалады екен.

Әсіресе, 5-9 сыныпта оқитын оқушылар арасында көп кездескен. Мұның көптеген себептері бар. Партада дұрыс отырмау, парта мен орындық биіктігі адамның бойына қатысты болмауы салдарынан туындайды. Сонымен қатар, арқаға күш түсу мен физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі әсер етеді. Кейбір жұқпалы аурулар мен мойын, арқа жарақаттары, жамбас буындары дисплазиясы аурудың туындауына себепші болады. Мамандар балалар мен жасөспірімдер арасында омыртқаның патологиялық қисаюын алдын-алудың негізгі себептерін атап өтті.

- Сүйектердің дамуы үшін баланың денесіне Д витамині түсу қажет. Жыл мезгіліне қарамастан бала таза ауаға жиі шығып тұрғаны дұрыс. Үйде, мектепте жиhаз баланың жасына және бойына сәйкес таңдалуы керек,-дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Лаура Ршауова.

Лаура Әділханқызы сөмкені иықта асып жүру-сколиоздың пайда болуының ең негізгі себебі екенін айтты. Сондықтан, бала мектепке жұмсақ екі белдігі бар сөмке ұстағандары дұрыс. Дене шынықтырумен айналысу қай аурудың болмасын алдын алады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, баланың қозғалыс белсенділігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Мектеп оқушылары үшін үстел мен парта арнайы талаптарға сәйкес болуы шарт(төменде кестеде көрсетілген-авт ).

Егер бала арқаның шаршауына шағымданса, дереу ортопедке көрсетіп, емдетуді бастаған жөн.

Еске сала кетейік, былтыр облыста мектеп оқушылары медициналық тексерістен өту кезінде 9464 патология белгілі болған. Барлығы 1168 сколиоз анықталған.


Әлеумет
08:00, 13 февраль 2023
1 195
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив