Батыс Қазақстанда асық атудан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы спорт кешенінде қазақтың ұлттық ойыны - асық ату және бес асықтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың бас төрешісі Ержан Өтеғалиевтің мәлім еткеніндей, екі күнге созылған біріншілікке Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау қаласы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда Батыс Қазақстан облыстарынан және Бөрлі ауданынан 21 жастан жоғары 100 ойыншы қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысында асық атудан Есен Жұмағұлов, Оралбек Ақтілеуов, Нұрқанат Молжігітов алтыннан алқа тақты. Амандос Айтқұлов, Алмас Қарабаев, Биболсын Мұса, Шерхан Кенеханов күміс, Нұржігіт Әнуарбекұлы, Нұрқисса Молжігіт, Тимур Қалауов, Ердос Әбдімұратов қола жүлдеге ие болды. Бес асықтан Айжан Серікова, Анаркүл Ходжаниязова, Перизат Елемес чемпион атанды. Жанар Сұлтанова, Мариям Әлиева, Мария Страх, Светлана Нұрпейісова екінші, Айғаным Жансүгірова, Әйгерім Садықова және Айнұр Нағашыбаева үшінші орынға көтерілді. «Асық ату мен бес асықтан командалық есепте елордалықтар алдына жан салмады. Асық атудан Түркістан облысы екінші, шымкенттіктер үшінші орынды бөлісті. Бес асықтан Қостанай облысы екінші орынға тұрақтаса, қызылордалықтар үздік үштікке ілікті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды», деді Ержан Спортұлы.

 

Спорт
13:00, 13 июнь 2022
1 755
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив