Өзін-өзі жұмыспен қамтыған студенттер бойынша МӘМС-тің қате есептелуі

 Сіздің жағдайыңыз:

 Мен студентпін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін (АСР) қолданамын. Менде МӘМС бойынша берешек шығып тұр, бірақ оны төлей алмаймын, өйткені төленген МӘМС сомасы кері қайтарылады. Осындай жағдайда не істеуім керек? Қалай түзетуге болады?

 

  1. Оқу орнынан оқу кезеңі көрсетілген, студент екеніңізді (болғаныңызды) растайтын анықтама алыңыз.

2.«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының профилінде «студент» жеңілдік санатын және кезеңін көрсетіңіз:

- Профиль - «Салықты және әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған мәліметтер» бөлімі - «Санат» бөлімшесі.

- «Күндізгі оқу нысаны…» санатын таңдап, міндетті түрде «…бастап» және «…дейін» кезеңдерін көрсетіңіз.

Одан әрі салық төлеуші

(support_portal@kgd.minfin.gov.kz) қолдау қызметіне дербе хат жазып, оқу орнынан алынған анықтаманы қоса тіркейді: «Мен, ТАӘ _ студентпін, ЖСН оқу орнынан берілген анықтаманы қоса тіркеп отырмын. Осыған байланысты ұсынылған «студент» жеңілдік санаты ескеріліп, кезең үшін есептелген әлеуметтік төлемдер сомасына қайта есептеу жүргізу қажет.» Қолдау қызметінің жауабы, өтінішіңізді тіркейді.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Соңғы жаңалықтар
09:30, 27 июль 2026
129
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив