Отанға адал болу-ерлікке бастар жол
Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінде №78 мектеп-гимназиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Шара барысында оқушылар әскери бөлімнің ішкі өмірімен танысып, техника мен құрал-жабдықтарды көріп, сарбаздардың күнделікті қызметін өз көздерімен тамашалады. Сонымен қатар, әскери мамандармен ашық сұхбаттасып, болашаққа бағыт-бағдар алды. Бұл кездесу жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты дарытып, әскери қызметтің мәні мен маңызын ұғындыруға, сондай-ақ азаматтық борышқа жауапкершілікпен қарауға баулуға бағытталды. Мұндай кездесулер – болашақ ер азаматтардың жүрегіне жігер, санасына сенім ұялатады.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить