"Жұмысқа тұрғызамын"

Ақтөбеде 5 адам жұмысқа тұрамын деп алаяқтарға алданып қалды. Жәбірленушілер Ақтөбе қаласының полициясына арыз түсірген. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Жәбірленушілердің айтуынша, достарының танысы Атырау облысының Теңіз кентіндегі мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға сөз берген. Ол үшін картасына 100 мыңнан 200 мыңға дейін ақша аударуды сұраған. Жұмысқа тұруға асыққан бес адам күдіктіге ақшаны аударып жіберген.

Полиция қызметкерлері Атырау облысының 25 жастағы тұрғыны күдікке ілінгенін айтты. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Қоғам
11:49, 09 октябрь 2023
694
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив