Ақтөбеде ерлі-зайыптының атынан тауар несиесін рәсімдеген
Сотқа берілген азаматша бірнеше рет алаяқтық жасаған. Ақтөбе қаласының №2 сотында оған қатысты қылмыстық іс қаралды.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Сотталушы екі айға жуық танысы мен оның жұбайын алдап келген. Ол "Kaspi Bank" арқылы ерлі-зайыптының атына тауар несиесін ресімдеп, ақшаны дара кәсіпкерлердің шотына аударған. Кейін ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Ал жәбірленушілерге 2 200 000 теңге материалдық залал келтірілді.
Сотта ол өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты. Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить